"Неге оларды қорғағымыз келмейді": Асхат Аймағамбетов медицина қызметкерлеріне қатысты заң қолдау таппағанына ашуланды

Бүгін мәжіліс отырысында депутат Асхат Аймағамбетов медицина қызметкерлерінің құқығы қорғалмай жатқанын айтып, бас прокуратураға сауал жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.“Біз медицина қызметкерлерінің денсаулығына зиян келтіруге қатысты жауапкершілікті күшейту туралы заңға түзету енгізуді ұсынған едік. Кейінгі кездегі оқиғалар бұл мәселенің өзекті екенін көрсетті. Әсіресе науқасты қабылдау бөлмелерінде кезекшілікте отыратын дәрігерлер немесе жедел жәрдем көлігі жүргізушілері үнемі негізсіз жазаланады. Біз заңды күшейтуді ұсындық. Себебі мұның аса қажет екенін түрлі оқиғалар дәлелдеп тұр. Бірақ түзету қолдау таппады. Неге? Неге медицина қызметкерлерін қорғағымыз келмейді?”, – деп сұрады Асхат Аймағамбетов мәжіліс отырысында.Сонымен қатар ол жыл сайын дәрігерлерге қатысты жүздеген қылмыстық іс қозғалатынын, оның аз ғана бөлігі сотқа жететінін атап өтті. “Олар қылмыстық қудалауға ұшырайды. Сосын олар науқасты емдеудің орнына тергеушілердің есігін тоздырып жүреді. Біз зиян келтірген кезде ғана және сақтандыру болса ғана сотқа дейінгі тергеу жүргізуді ұсындық. Неге бұл норма қолдау таппады?”, – деп сұрады депутат.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Барыс» тоғыз ойын қатарынан жеңілді
Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады
2024 жылдың ең ірі операциясы: полиция екі нарколабораторияны анықтады
Отбасының цифрлық картасында еліміздің 20 млн азаматы туралы ақпарат жинақталған
Алматының индустриалды аймағында 2024 жылы 10 жаңа жоба жүзеге асты
Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін кеңейту жоспарлануда
Мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Қазақстанда алғаш рет түркітілдес елдер арасындағы TurkicSkills кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Қаржы министрлігі
Адамдардың ауыруына тыйым салынды
Биылдан бастап балабақша кезегіне тұру тәртібі өзгереді
1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алудағы негізгі өзгерістер қандай?
"Өнерден кету ойда бар": Актер Рүстем Жаныаманов өнерден кете ме?
Ол кездесуді сұрады: Трамп Путинпен келіссөздер өткізетінін мәлімдеді
Жетім баланы үй кезегіне қоймаған мемлекеттік орган жауапқа тартылды
Енді той мен садақада мобильді аударымдар арқылы жиналған қаражат та бақыланады
Елдос Сметов Лондонға кетті
Мемлекеттік сатып алу: 1 қаңтардан бастап қандай өзгерістер болады
Румынияда метапневмовирустың алғашқы дерегі тіркелді
Қызылордада мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Қостанайда оқушылар қашықтықтан оқуға көшті
Қызылордада мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Петропавлда құтқарушылар үш сағаттан аса уақыт бойы алапат өртті сөндірді
Биыл тоғыз автокөлік өткізу пункті жаңғыртылады