Негізгі ҰБТ басталғалы орташа балл — 64, ең жоғарғы — 136 болды

Негізгі ҰБТ басталғаннан бері 30 мыңнан астам адам тест тапсырды. Оның ішінде талапкерлердің 69% — қазақ тілінде, 31% — орыс тілінде, 40 адам — ағылшын тілінде тестілеуден өтті. ҰБТ басталғалы шекті балды 71% талапкер жинады.Орташа балл — 64. Ең жоғары балл — 136. 16 мамырда басталған 2024 жылғы негізгі ҰБТ-ның бірінші аптасы аяқталды. Естеріңізге сала кетсек, тестілеуге қатысуға 186 мың талапкерден 342 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Қазіргі таңда тестке қатысушылардың басым бөлігі, атап айтқанда, 20%-ы «Шығармашылық емтихан», 18%-ы «Математика-Физика» пәндер комбинациясын тапсырды. 11%-ы «Математика-Информатика» комбинациясын таңдаған. Ең аз таңдалған комбинация — «Химия-Физика», оны 45 адам тапсырған. Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға бірінші аптада 102 талапкер қатысқанын айта кеткен жөн. Талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады. Сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады. Бүгінгі таңда 41 ереже бұзушылық анықталды. Оның ішінде 32 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ереже бұзғаны үшін аудиториядан 9 адам шығарылып, нәтижесі жойылды. Өзге тұлғалар анықталған жоқ. Айта кетсек, 2024 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбасына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижесі жойылады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Қазақстанда мәйіттік донор болуға келісетіндер 3,5 есе саны артты
Елорданың мектепке дейінгі ұйымдары қаңтардан бастап ваучерлік қаржыландыруға көшеді
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту өзекті
Жәрмеңке өнімдері сұранысқа ие
«Алтын сақа» орталығына барды
Алматының Арбаты Карнаби көшесінің стилінде безендірілді
Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын ба?
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Коммуналдық секторды жаңғырту жобасы мақұлданды
Сенаторлар өңірлерге барады
Қазақстанда мәйіттік донор болуға келісетіндер 3,5 есе саны артты
Алматыда 41 жыл бұрын пайдалануға берілген құбыр ауыстырылды
Астанада алаяқтар қазақстандық танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан
«Ең ауыр сәттен өттік»: балалы болуды армандап жүрген блогер қуанышты жаңалығын жеткізді
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Маңғыстау облысында жаңа амбулатория ашылды
Әнші Ayree сүйіктісімен мешітте некесін қидырды
Атырауда емхана есепшісі өз жеке кәсібіне 225 миллион теңгені аударып жіберген
Күн күрт суытады