"Некесіз туған бала": әнші Бейбіт Қорған тапсырған ДНҚ-ның қорытындысы шықты

Атыраулық әйел Нұргүл Зиханова танымал әнші Бейбіт Қорғаннан бала туғанын айтып, "Астарлы ақиқат" бағдарламасына жүгінген еді. Кейін өнер иесі ДНҚ сараптамасын тапсыруға мәжбүр болды. Әнші сараптама қорытындысы шыққанын, баланың әкесі емесін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz."Достар, азаматша Нұргүл Зиханова үстімнен Атырау облысының сотына арыз жазып, КТК телеарнасының "Астарлы ақиқат" бағдарламасында мені баланың әкесі деп заңсыз айыптаған болатын. Осыған байланысты қазір ДНҚ сараптамасының қорытындысы шықты", - деп жазды әнші Instagram-парақшасына.Ал оның қорғаушысы Орынгүл Ұзаққалиева Бейбіт Қорғанға "тағылған жалаға" қатысты пікір білдірді. "Халықтың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап бергім келіп отыр. Мен - Атырау облысы қорғаушылар алқасының қорғаушысы, адвокат Орынгүл Ұзаққалиева. Бұл азаматтық іс бойынша келісімшарт негізінде әншінің адвокаты ретінде сотқа қатысқан едім. Азаматша Нұргүл Зиханова Атырау облыстық кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа баланың әкелігін анықтау және алимент өндіру ісі бойынша арыз түсірді. Сот ұйғарымы бойынша, 24 қаңтарда 2024 жылы Бейбіт Қорған арнайы келіп, сот-биологиялық үлгілерін тапсырды. 27 ақпанда сот үстінде, барлық қатысушының көзінше сараптама нәтижесі ашылып, қорытындысы оқылды. Бейбіт Қорған баланың әкесі болып шықпады", - деді ол.Адвокаттың айтуынша, арызданушы Нұргүл Зиханова арызды қайтарып алған. Сол себепті арызданушы Нұргүл Зиханова арызды қайтарып алып, қараусыз қалдыруды сұрады. Сот бұл өтініш бойынша, талап арызды қараусыз қалдырып, Нұргүл Зихановаға сот шығындарын төлеуді міндеттеді. Біз жеке сараптамалық орталыққа бармай, сот тағайындаған мекемеде сараптамадан өтуге заңды және күмәнсіз қорытынды алу үшін келістік. Соттың түпкілікті шешімі шықпай жатып "Астарлы ақиқат" бағдарламасының қатысушылары Бейбіт Қорғанның тегіне, ар-намысына нұқсан келтіретін сөздер айтты. Бұған байланысты бағдарламаны алдағы уақытта арнайы сараптамадан өткіземіз. Менің қорғауымдағы азаматтың қызметтік беделіне, атына кір келтіргені анықталса және жеке өмірінің құпиялығы анықталса заңды түрде мәселені шешеміз. Бейбіт Қорғанның тілшілер сауалына жауап бермеуі – сот шешімінің түпкілікті нәтижесін күту болатын", - деді әншінің қорғаушысы.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Көптеген әдістерін қайталайды»: Бас бапкер Төрехан Сабырханды Мейвезерге ұқсатты
«Жазылмайды, емделмейді» деді»: Танымал актриса дертке шалдыққан ұлының құлан-таза айығып кетуіне не себеп болғанын баяндады
Тарихи алтын: Дінмұхаммед Райымқұлов фристайл-акробатикадан жеңімпаз атанды
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды
Ержан Максим Дубайда өткен конкурста жеңімпаз атанды
Энергиялық тиімділік саласындағы ынтымақтастық: Қазақстандағы Dena өкілдерімен кездесу өтті
Энергетикалық сусынды көп тұтынған қазақ жігітінің аяқ-қолы ісіп кеткен
Елімізде -27°C-қа дейін күн суытады
Лос-Анджелесте өрт қоюшы күдікті ұсталды
ПАТОЛОГИЯСЫ БАР БАЛАЛАРҒА БІЛІКТІ КӨМЕК
Доллар бағамы тағы көтерілді
Тарихи алтын: Дінмұхаммед Райымқұлов фристайл-акробатикадан жеңімпаз атанды
Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау – маңызы зор мамандық
Алматыда есептеу құралдары жоқ тұрғындарға суды тұтыну нормалары өзгерді
Енді елімізде дәрі QR-код арқылы беріледі
“Тазалық көрмеген”: Белгілі блогер халыққа қызмет көрсету орталықтарының әжетханасын сынға алды (ФОТО)
Норвегияда рекордты көлемде табиғи газ өндірілді
Ақтауда елді 90 миллион теңге шығынға батырған күдікті ұсталды
Петропавлда үш ер адам тұрғынды қарумен қорқытып, ақша бопсалаған
Антарктидада 2800 метрлік мұз қабаты бұрғыланды
Елдос Сметов әйелімен бірге Лондонға кетті
Президент Нұрлан Сауранбаевты қабылдады
Жұмысшы мамандықтар жылы: елордада қандай іс-шаралар өтеді
Мектеп асханаларында тұз бен қант мөлшері азайтылады