Халық әртісі Роза Рымбаева биылғы жылдың ақпанында әже атанған болатын. Өнер иесі Instagram желісінде немересін еркелеткен сәтті жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Ыстық, жақын, тәтті, қымбат - немере, Шіркін, қандай болады екен шөбере?", - деп жазды Роза Рымбаева. Видеодан немересін барынша еркелетіп, қолынан сүйіп, мойынынан иіскеп жатқан Роза Рымбаеваны көруге болады. "Немере шіркін тәтті болады", "Шөбере одан да тәтті", "Бізге де жұғысты болсын", "Не деген бақытты шақ? Немере деген осы", "Немереңіз ғұмырлы болсын", - деп жазды желі қолданушылары.