Қалыңдықты ұзату - ең мықты ер адамдардың да көңілін босататын әсерлі дәстүр. Желіде Алматы облысы, Көктөбе ауылындағы "сырға салу" сәтінің видеосы тарады. Tengri Life редакциясы мән-жайды білу үшін видео авторына хабарласты.Оқиға эпизоды бір түнде 1,7 миллион қаралым жинап, Қазнетте хитке айналды. Кадрларда Әйгерімге сырға тағып жатқанда атасы есіктен қарап, көз жасын тыя алмай тұрғанын көруге болады. Желі қолданушыларына ер адамның реакциясы қатты әсер еткен."Ата - нағыз жігіт, көз жасын көрсетуден қорықпайды", "Алла разы болсын", "Ех, менің атам да тірі болғанда, шығарып салатын еді", "Атамды қатты сағындым", "Менің атам да жылады, мен тұрмысқа шыққанда. Біз олар үшін тым тез өсіп жатырмыз", "Отбасыңа ұзақ және бақытты ғұмыр тілейміз", "Ол қандай мейірімді, экранда көруге болады", "Сен өте бақыттысың!", "Мен жылап жатырмын", - деп жазады қолданушылар видеоға пікір қалдырып.Әйгерімнің айтуынша, ол мұндай реакция болатынын сезген. Өйткені қыз атасының қолында өскен."Анам мені 20 жасымда дүниеге әкелді, оқуы керек болды, сондықтан ата-әжем маған көп көңіл бөлді. Көп ұзамай әжем қайтыс болды, сондықтан онымен көбірек уақыт өткіздім. Ол ешқашан қолымнан қақпады, қалағанымның бәрін алып берді. Әрине, ақылға қонатындай", - деп естеліктерін бөлісті Әйгерім.Әйгерім жігітінің мінезі де атасына ұқсайтынын, сондықтан отбасылық өмірде бақытты болатынына сенімді."Ол маған ең алдымен өзіңді, үлкендеріңді, жақындарыңды сыйлайтын мейірімді адамға үйлену керек екенін үнемі айтып отыратын. Бақытыма орай, мен дәл осындай адамды кездестірдім. Кейде жігітімнің бойынан атама тән кейбір қасиеттерді байқаймын, әсіресе мінезі", - дейді Әйгерім.Ерсайын ата немересіне қашанда үлгі болған, үлгі болып қала береді. Әйгерімнің айтуы бойынша, ер адам мақсат қоюы, адалдығымен ерекшеленеді."Мен әрқашан атамның үмітін ақтауға тырыстым. Мектептен кейін грантқа түсе алмай, атамның есебінен оқуға тура келді. Ол кісінің алдында қатты ыңғайсыз болды, бірақ кейін өзімді қолға алуды ұйғардым. Университетке құжаттарымды қайта тапсырып, грантқа түсіп, былтыр қызылға бітірдім. Қазақтарда айтады ғой: "Үмітін ақтадым", атамның бар үмітін ақтау қолымнан келді", – деп түйіндеді ол.