Несие аларда келісімшартты оқисыз ба?

Микроқаржы ұйымдарына берешегі көп болса да, кредитке тәуелділер елімізде азаяр емес. Оған әріптесім Ақбота Базарбай көз жеткізді. Ол үшін эксперимент жүргізген болатын. Көрейік.Көшені басына көтеріп, елдің мазасын неге алып жүр дейсің ғой. Жұртқа несие ұсынып жүрмін. Иә, 3-ақ пайыз дедім. Мүмкін емес нәрсе ғой. Бірақ жұрт айтқаныма сенді. 1 сағаттың ішінде өткен кеткеннің жартысына жуығы тоқтап, сұрақ қойып, несиені алмақ болғандары болды. Қолымдағы келісім шартты оқып, бас қатырған ешкім жоқ. Айтқаныма имандай сенеді. Осыдан 15 жыл бұрын несиені оңды-солды тарата берген банктер қазір сараң. Табысыңды сұрайды, кепілге мүлік талап етеді. Себебі банктер осыған дейін берген қарыздарын қайтара алмай отыр. Күліп келген қарыз, қайтқанда неге жылайды? Шетелді айтып аңыз қылатын жұрт, айыпты пайыздан көреді. Сапарбай ЖОБАЕВ, ЭКОНОМИСТ: Бізде инфляция, яғни бағаның өсуі, теңгенің сатып алу қабілеті әр жыл сайын бір 20 пайызға төмендеп отыратын болса несие де сол 20-25 пайыз болады. Шарт дегеніміз 7-8 бет болса оның бәрін айтып түсіндіріп жату, банк айту керек, әрине. Бірақ ежіктеп оқуға уақыт береді. Иә, кредит рәсімдеуге келгендер банк мақұлдаса болды, алған теңге тегін келгендей қуанады. Бірақ өздері айыптап отырған пайызға мән де бермейді. Келісімшартқа назар аудармайды. БЛИЦ: - Сіз оқыдыңыз ба мысалы? - Жоқ оқыған жоқпын. - Көз жүгіртіп өтеміз. Былай тырысып оқымаймыз. - Жоқ. - Мүлдем оқымайсыз ба? - Мүлдем оқымаймын. Экономист банк ұсынған келісім шартты майшаммен қарау керек дейді. Себебі сіз бен біз білмейтін қаншама құпия болуы мүмкін. Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ: Банк айтып бір алады, айтпай бір алады. Несиені алғаннан кейінгі ай сайынғы пайыздық мөлшерлемеден бөлек, сақтандыру үшін де банкке қаражат төлейсіз. Яғни, тура 1 млн теңге алу үшін сіз миллионды артығымен рәсімдеуіңіз керек. Дәл сол артық сома банктің өзінде қалады. Қазір мен Астанадағы банктердің біріне кіріп қарапайым тұтынушы ретінде несие рәсімдеп көремін. Өткен жылдан бері несие алатындар да, оны кешіктіріп төлейтіндер де көбейген. Пайызға болған соң, төлем қабілеттіңіз сай келсе банк несие береді. Бермесе көп микро ұйымның бірінен тегін келгендей теңгені ала береді жұрт. Қазір 257 мың қазақстандық банкты былай қойғанда 50-60 мыңдап алған микрокредитін де төлей алмай жүр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ұшақ апатынан зардап шеккен 9 ресейлік азамат еліне оралды
Бектенов Әзербайжан елшілігінің көңіл айту кітабына жазба қалдырды
Жол үстінде көліктерін “билеткен“ павлодарлық жүргізушілер жауапқа тартылды
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
Сенатор Нұрия Ниязова: "Медеу" мұз айдынына ерекше мәртебе берілуі тиіс
Қазақстанда жеңілдетілген әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады
Қазақстан Bayraktar өндірісін қолға алмақ
Қаңтар оқиғасы: Викрам Рузахуновты азаптаған полицейлерге үш жыл жаза сұралды
Диқандарға тікелей астық сатып алу бағдарламасы бойынша 3,4 млрд теңге төленді
Қоғамдық орындарда хиджаб кигендерге айыппұл салынуы мүмкін
Баку — Грозный рейсіне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды
eGov-та жаңа қызмет түрі пайда болды
Алматы соты блогер Шерниязовтың да жазаны жеңілдету туралы өтінішін қанағаттандырмады
Жоғары оқу орындарының үздік оқытушылары белгілі болды