"Бәс тігуді насихаттайтын жарнамаға тыйым салу керек". Спорт және туризм министрі Ермек Мыржықпаев осылай деді. Сала басшысы ойын бизнесімен белсенді күресіп жатқанын айтады. Биыл сотқа 14 талап-арыз жіберіліп, 7 букмекерлік кеңсе, 5 тотализатор және 1 ойын автомат залы жұмысын тоқтатқан. Көпшілікті құмар ойыннан шектеу үшін бірқатар заңнамаға өзгерістер енгізбек. Ойынханаларға 25 жасқа дейінгілерге кіруге тыйым салынады. Сондай-ақ несиесі, мемлекетке қарызы бар адамдарға құмар ойнауға рұқсат етілмейді. Ермек МАРЖЫҚПАЕВ, ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ: Егер адам борышкерлердің, алимент төлемейтіндердің және кредиттер бойынша мерзімі өткен берешегі бар бірыңғай тізімге енгізілсе, оған құмар ойындарын ойнауға тыйым салынады. Осы шаралардың барлығы елдегі лудоманияға жол бермеу бағытталған.