Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар жазғы трансферлік кезеңде "Пари Сен-Жермен" сапынан кеткісі келеді, - деп хабарлайды Massaget.kz. L’Équipe мәліметінше, өткен демалыста бразилиялық ойыншы клуб басшылығына команда ауыстырғысы келетінін айтыпты.Футболшының ойынша, ПСЖ алаңнан тыс жерде ойыншыларды жанкүйерлердің түртпектеуінен қорғамайды - көктемеде жанкүйерлер футболшының үйіне келіп, командадан кетуін талап еткен. Неймарға әлі де наразы адамдар клубтан оны трансферге қоюын талап етуде. Неймар карьерасын 2013-2017 жылдары ойнаған "Барселонада" жалғастырғысы келеді екен. Алайда каталондық клуб 31 жастағы шабуылшынының трансферін қарастырып отырған жоқ.