Нейрохирургиялық робот арқылы эпилепсиямен ауыратын науқастың миына операция жасалды

Астанада роботтың көмегімен бірегей операция жасалды. Президент Іс басқармасы Медициналық oрталығы ауруханасында алғаш рет эпилепсиямен ауыратын науқастың миына арнайы қондырғы орнатылды. Оның нәтижесі туралы тілшіміз айтады. Науқастың диагнозы нақтыланған соң, эпилепсия шақыратын ошақты мамандар тоқпен күйдіріп емдеді. Басына стреотактикалық рама қондырылып, миға стимуляция жасалды. Операция екі сағатқа созылды. Қазір науқастың жағдайы жақсы. Мыңжылқы БЕРДІҚОЖАЕВ ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АУРУХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, ЖОҒАРЫ САНАТТЫ НЕЙРОХИРУРГ: Соған ұқсайтын әдістердің бірі паркинсон ауруы, дистания аурулары кезінде, наркоз берілмей стреотактикалық рама дейді, адам басына рама қондырылады да, мидың бөліктеріне стимуляция жасалынады. Робот операция уақытын үш есеге дейін азайтуға мүмкіндік береді. Дәлдік және тиімділікпен жүзге жуық операция түрін жасауға бағытталған. Арнайы отаны жоспарлау функциясы, нейрохирургияның әртүрлі кескіндерді өңдеу және хирургиялық жоспарлау қажеттіліктерін орындайды. Сондай-ақ новигация элементтері бар. Талғат ЕРМЕКОВ, ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ НЕЙРОХИРУРГЫ: Бұл Ремибот роботы траекторияларды бақылап, 8 электродты қауіпсіз орнатуға көмектесті. Біз қазірдің өзінде құрылымдық тактикалық жақтауды пайдаланып екі операция жасадық. Бұл пациенттер үшін өте жақсы. Өйткені қан кетудің болмауы үшін барлық тамырларды айналып өту үшін әртүрлі бағытта 8 электрод бар. Сондай-ақ жыл басынан бері нейрохирург мамандар 250-ден астам адамға күрделі операция жасап аяғынан тік тұрғызды. Ми мен жұлынға, нерв жүйелеріндегі қатерлі ісік пен омыртқаға күрделі операцияларды сәтті жасап жүр. Әрі өте сирек әдісті қолданады. Сондай-ақ, мамандар инновациялық технологияның озық үлгілерін еркін меңгерген. Тіпті бұған дейін жұлын ішіне біткен ісікті де еш қиындықсыз сылып тастаған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан құрамасы United Cup турнирінің финалынан тыс қалды
Алдағы міндеттердің маңызына тоқталды – Мәулен Әшімбаев
Ақтау маңында құлаған ұшақтың қирандысы оқиға орнынан шығарылды (ВИДЕО)
Терроризмді насихаттаған әрі есірткіні заңсыз пайдаланған Алматы тұрғыны сотталды
Бірер күн бұрын ШЫҰ Бас хатшысы қызметіне кіріскен Нұрлан Ермекбаев Президенттің қабылдауында болды
Алматыда IT-экожүйені дамытуға 10 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды
Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесі жаңғыртылуда
Оңтүстік Корея ресми түрде "ең қарт қоғам" санатына енді
Астана маңында орын алған ЖКО-дан 86 адам,оның ішінде 14 бала құтқарылды
Астанада және Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанда алдағы үш күнде қар жауып, күн суытады
Қаңтардағы ҰБТ қай күндері өтеді?
"Лас, қауіпті және еш сиқыр жоқ": Асаубаеваның Нью-Йорктен көңілі қалды
Қар аралас жауын, көктайғақ: 4-6 қаңтар аралығындағы ауа райы болжамы жарияланды
1 қаңтардан бастап некеге тұрмас бұрын генетикалық тест тапсыру міндеттелді
Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді
Ернар Айдар әкесі туралы жантебірентер жазба жариялады
Жаңбыр және қар: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
«Қызғаншақ ене болуым мүмкін»: Ләйлә Сұлтанқызы ұлы туралы айтты
Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысын қабылдады
Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді
Зарема Шаукенова: Президент экономикалық мәселелерге ерекше назар аударды
Оралда колледж студенті өлі табылды
Алматыда қоқыс өңдеу кезінде пакетке салыған адам денесі табылды