Нидерланд орталығынан 4 000 жыл бұрынғы қасиетті орын табылды

Археологтар Нидерланд орталығынан арықтар мен қорғандардан тұратын 4 000 жыл бұрынғы қасиетті орынды тапты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.Англияның оңтүстігіндегі әйгілі тастан жасалған құрылысқа ұқсайтын, көлемі жағынан үш футбол алаңына тең келетін қасиетті орын топырақ пен ағаштан тұрғызылған. Археологтар бұл жерден жануарлар қаңқасын, адамның бас сүйектері және найзаның ұшы сияқты құнды заттарды тапты. Қазба жұмыстары Роттердамнан шығысқа қарай 70 шақырым жерде орналасқан Тиль қаласының маңында жүргізілген. «Ең үлкен қорған Англиядағы әйгілі Стоунхендж тастары сияқты күнтізбесі қызметін атқарған. Бұл киелі жер жылдың ерекше күндері аталып өтетін, ырымын жасап, қайтыс болғандарды жерлейтін аса маңызды орын болса керек. Шерулерге арналған жолдардың бойында қатар-қатар бағаналар тұр», - делінген Тиль қаласы әкімшілігінің хабарламасында. 2017 жылы қазба жұмыстары кезінде де археологтар бірнеше бейітті тапқан. Мамандар тас ғасыры, қола дәуірі, темір дәуірі, Рим империясы және орта ғасырларға жататын миллионнан астам қазылған затты зерттеуге алты жыл уақыт жұмсады. Құрылыс жұмыстарын жалғастыру үшін қазба жұмыстары аяқталғаннан кейін алаңның беті қайта жабылған. Табылған заттардың бір бөлігі жергілікті Тиль мұражайына және Нидерланд Ұлттық көне жәдігерлер мұражайындағы көрмеге қойылады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтөбеде 700-ден астам баланы туберкулезге шұғыл тексеріп жатыр
Жайық өзенінде қауіпсіздік шарасы күшейтілді
Қазақстандық теннисші үшінші турнирінде топ жарды
Спорттық протеин құрамындағы ауыр металдар денсаулыққа қауіпті
Қазақстан армиясы Орталық Азияда үздік деп танылды
Тұман түсіп, көктайғақ болады
Жалға үй іздеу кезінде қалай алаяқтарға алданып қалмауға болады?
Жайық өзенінде қауіпсіздік шарасы күшейтілді
Жеті жасар қыз ата-анасының атына несие рәсімдеген
78 қазақстандық өсімдік шаруашылығы кәсіпорны ҚХР БКБ-ның аккредитациясынан өтті
12 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Грузия, Қытай, Корея: Қазақстанға көлік жеткізудің артында тұрған шындық
Құны 100 мың теңгеден асады: блогер бренд аяқ киімнің былығын көрсетті (ВИДЕО)
Қыстағы төтенше жағдай: Жұмыс берушінің міндеті қандай?
12 қаңтарда еліміздің 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Францияда екі пойыз соқтығысты
«Ұялмайсыз ба?»: Баян Алагөзова жағажайда жатқан фотосын көрсетті
Қазақстанда аптаның соңғы күнінде ауа райы қандай болады
Бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды
Ақтөбеде 700-ден астам баланы туберкулезге шұғыл тексеріп жатыр
Қазақта алдағы жеті күнді қалай атайтынын білесіз бе (ВИДЕО)
Павлодар облысында қашып кеткен 15 қылмыскер шетелде ұсталды
ҚБТУ ғимаратындағы өрт кезінде Мемлекеттік Ту сақталды
Қай дәруменнің тапшылығы шаш түсуіне әкелуі мүмкін?