Нидерландтан елімізге құйылған тікелей инвестиция 120 миллиард доллардан асты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нидерланд Корольдігінің Премьер-министрі Марк Рюттемен кездесті. Қазақстанға жұмыс сапарымен келген мәртебелі мейманды Мемлекет басшысы «Ақорда» резиденциясында қарсы алды. Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Марк Рютте келіссөз өтетін залға барды. Әңгімелесу барысында тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты кеңейту перспективаларын талқылады. Мемлекет басшысы Нидерланд – Қазақстан экономикасының ең ірі инвесторы екенін жеткізді. Нидерландтан елімізге құйылған тікелей инвестиция 120 миллиард доллардан асты. Қасым-Жомарт Тоқаев Марк Рюттенің екі ел арасындағы байланысты нығайтуға зор үлес қосқанын атап өтті. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:Өзіңізбен 2015 жылы кездескен едік. Сол жүздесуді ерекше ықыласпен еске аламын. Сіздің өзара тиімді ынтымақтастығымызды дамытуға қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз. Сіз басқа әріптестеріңізге қарағанда Премьер-министр лауазымын ұзақ уақыт атқарып келесіз және халықаралық деңгейдегі тәжірибеңіз орасан зор. Сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өткім келеді. Елдеріміз бірлескен ауқымды жобаларды жүзеге асырып жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстандық каратэшілер әлемдік рейтингте үздік бестікке енді
Өзгеше форматта өткен кітап таныстырылымы
Қазақстанда жүк көлігі пойызға соқтығысты
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті