Мал ұрлығының арты қарулы қақтығысқа ұласты. Салдарынан 30-ға жуық адам қаза тапты. Алты мешіт пен екі шіркеу отқа оранды. Оқиға Нигерияның Плато штатында болды. Ұрылар бірнеше елдімекенге шабуыл жасаған. Елде жыл басталғалы мұндай бассыздықтардың жиі орын алуда. Салдарынан 140 адам мерт болды. Билік қақтығыстардың алдын алу үшін коменданттық сағат енгізген. Десе де, бұл өзгеріс қанды қол қарақшыларға тосқауыл болар емес. Джеймс БОТ, ТҰРҒЫН: Қарақшылар ауруханаға қарама-қарсы тұрған шіркеуге от қойды. Бірақ адамдар шығып, өртті сөндірді. Олар мұны бірнеше рет жасады, бірақ шіркеуді отқа орай алмады.