Бүгінде жеке өнер көрсетіп жүрген Азамат Зенкаев Аман Тасығанға берген сұхбатында бұрынғы сүйіктісі Ерке Есмаханмен таныстығы жайлы айтып берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.“Мен Еркеге ән жазып берген едім. Кейін ол маған хабарласып, сол мәселе бойынша кездестік. Еркенің өзі әзілқой қыз ғой, сөйтіп екеуіміздің әңгімеміз жарасып кетті. Сонысымен мені баурап алды, мен алданып қалдым. Иә, ғашық болдым. Бұл сезім бір жылдан аса уақытқа созылды, бірақ қазір ғашық болғаныма күмәнім бар. Анаммен таныстырдым, ол жақсы қабылдады. Соған қарағанда болашағымызға сенімді болдым. Ерке мені тастап кетті дей салайын. Райым мен Еркенің бас қосуын да жақсы қабылдадым, бақытты болсын. Қызғаныш, күйзеліс деген сезім болмады. Себебі менің оларды ойлап, мұңға бататындай уақытым жоқ. Өмірде табысу, айырылысу деген болып тұрады. Шын жүректен екеуінің бақытты болғанын, мәңгі бірге болғанын қалаймын. Бізде соңғы кездесу болмады. Айырылысамыз деген ой жоқ еді. Жәй ғана екі жаққа кетіп қалдық, Мен Еркеден емес, Ерке менен айырылып қалды”, – деп күлді өнер иесі.Сондай-ақ ол “Ерке Есмаханға ән арнады” деген ақпаратты жоққа шығарды. “Көзді ашытады” деген ән менің көңіл күйіме байланысты шыққан. Оның Еркеге қатысы жоқ. Мен біреуге ән арнап көрмеппін. Білмеймін, бәлкім болашақты жазып қалармын”, – дейді A.Z. Әнші Райымбек Бақтыгереевпен ара қатынасы туралы да жасырмай айтты. “Ол баланы мен “Ninety One-да" жүргеннен танимын, амандасып жүргенбіз. Бірде Айқын бірге ән айтайық деп ұсыныс жасады. Сол кезде Райым екеуінің концерті болып жатыр екен. Сөйтіп тұрғанда Райым шығып келе жатты. Мен онымен амандасып едім салқын жауап қайтарды да, жанымнан өтіп кетті. Басында түсінбей қалдым, кейін мен де қолымды бір сілтеп, қоя салдым. Сол жерде түсінбей қалдым, десе де біз қатты араласпадық”, – дейді Азамат Зенкаев.