Н.Назарбаев университетіне салған қаражаттың нәтижесі жоқ – Мұрат Әбенов

Н.Назарбаев университетіне салған қаражаттың нәтижесі жоқ – Мұрат Әбенов

Назарбаев университеті мемлекет миллиардтап қаражат құйса да, бір жыл ішінде небары 15 ғылыми патент алған. Бұл туралы бүгін мәжілісте ғылымды дамыту мәселесіне арналып өтіп жатқан Үкімет сағатында депутат Мұрат Әбенов мәлім етті.«Менің сұрағым бірінші Назарбаев университетінің өкіліне, кейін министрге арналады. Жалпы, бұл мәселені мен қоғам белсендісі ретінде бірнеше жылдан бері қозғап жүрмін, енді бүгін Парламент мінберінен қойғым келіп отыр», - деді сөзін бастаған Әбенов. Оның айтуынша, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен бұрынғы министр, қазір мәжілістегі әлеуметтік даму комитетінің төрағасы болып отырған Асхат Аймағамбетов білім саласында жақсы реформалар бастап жүрген басшылар. «Бірі министр, бірі комитет төрағасы, екеуі жақсы реформалар бастады, қолдаймын, идеялары керемет. Қаржыландыруды көбейту, дербес болу, зертханаларды күшейту сияқты идеялары жақсы. Халықаралық рейтингтертерге кіру туралы талап, ғылыми мектеп құру туралы бастама, жалпы осылардың бәріне қарасақ, бізді керемет болашақ күтіп тұрған сияқты. Бірақ, бірақ...»- деген Мұрат Әбенов Қазақстанның осыдан он бес жыл бұрынғы үлкен жобасы – Назарбаев университеті өзіне салынған инвестицияға сай нәтиже бермегенін айтты. «Дәл осындай бастамаларды біз он бес жыл бұрын жасадық. Назарбаев университеті үшін бүкіл қаржыны төктік. Бүкіл университеттердің жағдайын соларға теңестіреміз дедік, зертханалардың бәрін сол Назарбаев университетіне бердік. Статусын күшейттік, ешкім тексерген жоқ, қараған жоқ. Ол университет тіпті Ғылым академиясының орнына жұмыс істейді дедік. Университеттердің бәрінен қаржыны қысқартып, осы университетке бердік. Бірақ, нәтижесін көрмедік. Міне, он бес жыл болды, нәтиже көрінбейді. Қаржыландыруды айтайын, 2020 жылы 7 млрд 600 млн теңге, 2021 жылы 7 млрд 21 млн, 2022 жылы 2 млрд 154 млн теңге салынды. Бірақ, нәтиже жоқ. Мысалы, бір жылдың ішінде университет 15-ақ патент алған. Мен Сәтбаев университетінің директорлар кеңесінің мүшесі болдым. Бұл оқу орнының қаржыландыру деңгейі Назарбаев университетінен 3-4 есе аз болса да, бір жылда 44 патент алған. Біз қаржының бәрін бір ғана университетке үйіп-төктік, бірақ нәтижесін көріп отырған жоқпыз. Сондықтан, сұрағым былай: Назарбаев университетінің нәтижесін, қаржының қайда жұмсалып жатқанын министрлік қарай ма, тексере ме? Назарбаев университеті біздің университеттермен бірге жұмыс істейді деп еді, қазір зертханаларын беріп, байланыс жасап жатыр ма? Басқа университеттердің бәрінің аузынан жырып алып, осы университетке бердік, бірақ, басқа университеттермен байланыс орнатты дегенін естіген жоқпын. Халықаралық рейтингтердің төртеуін көріп шықтым, біреуінде де Назарбаев университеті жоқ. Сонда, қаржының бәрі қайда кетті?», - деді Мұрат Әбенов.Үкімет сағатына модератор болып отырған депутат Дания Еспаева сұраққа жауап беру үшін Назарбаев университетінің ғылыми әкімшілік директоры Асанбай Жұмабековке сөз берді. «Рұқсат болса, мен бұл сұраққа орыс тілінде жауап берсем. Қазір Назарбаев университетінде 300-ден астам ғылыми-техникалық жобалар жүзеге асып жатыр. Олар университетті дамытуға бөлінген қаражат пен демеушілердің есебінен қаржыландырып жатыр. 2022 жылдан бері университет бірлескен зеттеулер бағдарламасын жүзеге асырып келеді, бұл бағдарламаға Қазақстанның университеттері міндетті түрде қатысады. Қазір біз 75 жобаны қаржыландырып отырмыз, олар жобаларға отандық 34 жоғарғы оқу орындары қатысып жатыр. Біз Сіздерді (депутаттарды – ред.) университетімізге шақырып, жобаларымызды қуана таныстырамыз. Сіздерді күтеміз», - деді Назарбаев университетінің ғылыми әкімшілік директоры Асанбай Жұмабеков. Бұл ретте Дания Еспаева Назарбаев университетінің өкіліне ескерту жасап, мемлекеттік тілде қойылған сұраққа келесі жолы мемлекеттік тілде жауап талап ететінін айтты. Өз кезегінде депутат Мұрат Әбенов Назарбаев университетінің ғылыми әкімшілік директоры берген жауапқа қанағаттанбаған кейіп танытқан соң, Дания Еспаева бұл мәселені әлі де кең ортада талқылайық деген ұсыныс білдірді. «Бұл мәселе өте ауқымды. Сондықтан, мәжіліс білім жөніндегі жұмыс тобы бюджетті нақтылау туралы отырыс өткізкенде, осы Назарбаев университетінің бүкіл шығынын білейік, ол шығынның тиімділігін қарайық. Асанбай Жұмабеков, жақын арада жұмыс тобының отырысына жақсылап дайындалып, кемі соңғы үш жылда қанша қаражат алдыңыздар, оны қайда жұмсадыңыздар деген толық есеппен келіңіз», - деді Дания Еспаева. Ал депутат Мұрат Әбеновтің сұрағына қысқаша комментарий берген министр Саясат Нұрбек Назарбаев университетінің жұмысы өз алдына бөлек заңмен реттелетінін айтты. «Университетті басқару жүйесі өте күрделі екен, шыны керек, оны өзіміз енді-енді түсініп келеміз. Жоғарғы қамқоршылық кеңес, одан кейінгі кеңес, Назарбаев университеті бір бөлек, Назарбаев Зияткерлік мектептері бір бөлек, Назарбаев қоры бір бөлек жұмыс істейді. Мен министр ретінде университеттің Қамқоршылық кеңесіне мүше бола алмаймын, мүшелікке өту үшін заңды өзгерту керек. Үкімет деңгейінде сол заңға қазір тиісті өзгеріс қарастырылып жатыр. Ол ұзақ процесс. Депутат Мұрат Әбеновпен толығымен келісемін, шын мәнінде қомақты қаржы бөлінеді. Шынында да жоғарғы білім саласының үлкен бюджеті бір университетке берілді. «Осы он бес жылда бір университетке салған қаражатты басқа университетке бөлгенде, қандай нәтиже болар еді?» деген сұрақ та бар көкейде. Сондықтан, заң өзгерген жағдайда ақырын бақылауға аламыз», - деді Саясат Нұрбек.

Алматы маңында жер сілкінді
Алматы маңында жер сілкінді
  • baq.kz
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды
  • aqshamnews
Ақтауда пойыз жеңіл көлікке соғылды (ВИДЕО)
Ақтауда пойыз жеңіл көлікке соғылды (ВИДЕО)
  • azattyq-ruhy
Жетісу облысында жоғалған тұрғын табылды
Жетісу облысында жоғалған тұрғын табылды
  • baq.kz
  Ақтауда пойыз бен жеңіл көлікке соғысты
Ақтауда пойыз бен жеңіл көлікке соғысты
  • aikyn
Банктен 55 млн теңге ұрлаған ер адам Швецияда ұсталды
Банктен 55 млн теңге ұрлаған ер адам Швецияда ұсталды
  • el.kz
Банктен 55 миллион теңге ұрлаған ер адам Швецияда ұсталды
Банктен 55 миллион теңге ұрлаған ер адам Швецияда ұсталды
  • Massaget
Банктен 55 млн теңге ұрлаған ер адам Швецияда ұсталды
Банктен 55 млн теңге ұрлаған ер адам Швецияда ұсталды
  • baq.kz
Жұмыс беруші қызметкердің жалақысынан әкімшілік айыппұл сомасын ұстап қалуға құқылы ма?
Жұмыс беруші қызметкердің жалақысынан әкімшілік айыппұл сомасын ұстап қалуға құқылы ма?
  • Massaget
Жетісуда адам қағып, мерт қылған жүргізуші қолға түсті
Жетісуда адам қағып, мерт қылған жүргізуші қолға түсті
  • baq.kz
Елордада мектепке дейінгі қызметтерге 2 200 ваучер бөлінді
Елордада мектепке дейінгі қызметтерге 2 200 ваучер бөлінді
  • el.kz
  Кимешек киген  қандай-ды!
Кимешек киген қандай-ды!
  • aikyn
Қостанайда заңсыз жолмен 2 млрд теңге тапқан ерлі-зайыпты сотталды
Қостанайда заңсыз жолмен 2 млрд теңге тапқан ерлі-зайыпты сотталды
  • azattyq-ruhy
ІІМ есірткі зертханаларына прекурсор жеткізушілерді ұстады
ІІМ есірткі зертханаларына прекурсор жеткізушілерді ұстады
  • baq.kz
Бұдан былай пластик пакет қолдануға тыйым салынады
Бұдан былай пластик пакет қолдануға тыйым салынады
  • Massaget
  Дерек дәйекті болса, даму тұрақты
Дерек дәйекті болса, даму тұрақты
  • aikyn
Алматыда соғыс ардагері 101 жасқа толды
Алматыда соғыс ардагері 101 жасқа толды
  • el.kz
«Қар, жаңбыр, аяз»: Алдағы күндері ел аумағында -27°С-қа дейін суық болады
«Қар, жаңбыр, аяз»: Алдағы күндері ел аумағында -27°С-қа дейін суық болады
  • sn.kz
  «Бір ел – бір кітап» оқу мәдениетін қалыптастырады
«Бір ел – бір кітап» оқу мәдениетін қалыптастырады
  • aikyn
15 жыл далада қонған адам RIXOS-тан бірақ шықты
15 жыл далада қонған адам RIXOS-тан бірақ шықты
  • azattyq-ruhy
  Медғат Өмірәлиев, актер, Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі: Режиссерді сырттан шақыруға мәжбүрміз
Медғат Өмірәлиев, актер, Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі: Режиссерді сырттан шақыруға мәжбүрміз
  • aikyn
Әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт өсті
Әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт өсті
  • azattyq-ruhy
  Импорт алмастыру да инфляцияға тосқауыл
Импорт алмастыру да инфляцияға тосқауыл
  • aikyn
Қыста неліктен қайызғақ пайда болады? Дәрігер жауап берді
Қыста неліктен қайызғақ пайда болады? Дәрігер жауап берді
  • Massaget
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты басқа елде өтуі мүмкін
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты басқа елде өтуі мүмкін
  • penalty
«Ақыры дегеніме жеттім»: Қазақ қызы баскетболдан Моңғолия ұлттық құрамасының сапында ойнайды
«Ақыры дегеніме жеттім»: Қазақ қызы баскетболдан Моңғолия ұлттық құрамасының сапында ойнайды
  • sn.kz
«Ауыр дертке шалдықты»: Қазақстандық балуан елден көмек сұрады (ВИДЕО)
«Ауыр дертке шалдықты»: Қазақстандық балуан елден көмек сұрады (ВИДЕО)
  • sn.kz
Роналду тағы бір рекорд орнатты
Роналду тағы бір рекорд орнатты
  • azattyq-ruhy
Ақтауда пойыз жеңіл көлікке соғылды (ВИДЕО)
Ақтауда пойыз жеңіл көлікке соғылды (ВИДЕО)
  • azattyq-ruhy
Петропавлда қарумен адам қорқытып, ақша бопсалаған топ мүшелері 4,8 жылға сотталды
Петропавлда қарумен адам қорқытып, ақша бопсалаған топ мүшелері 4,8 жылға сотталды
  • azattyq-ruhy
Қостанайда 16 жастағы жасөспірім адам қолынан қаза тапты
Қостанайда 16 жастағы жасөспірім адам қолынан қаза тапты
  • azattyq-ruhy
Қостанайда жоғалған әйел аман табылды
Қостанайда жоғалған әйел аман табылды
  • azattyq-ruhy
Тоқаев “Қазақстан темір жолы“ басшысы Сауранбаевты қабылдады
Тоқаев “Қазақстан темір жолы“ басшысы Сауранбаевты қабылдады
  • TengriNews
Тоқаев әлемге белгілі кәсіпкер Ли Кай-Фуды қабылдады
Тоқаев әлемге белгілі кәсіпкер Ли Кай-Фуды қабылдады
  • TengriNews
ҰҚК ІІМ жоғары лауазымды қызметкерін ұстады
ҰҚК ІІМ жоғары лауазымды қызметкерін ұстады
  • TengriNews
Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне үкім шықты
Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне үкім шықты
  • TengriNews
Мектеп оқушысы вейп шеккеннен кейін қайтыс болды
Мектеп оқушысы вейп шеккеннен кейін қайтыс болды
  • TengriNews
Қазақстанда мереке күндері қарсаңында қосымша рейстер ашылады: тізім: 13 желтоқсан 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengritravel.kz
Қазақстанда мереке күндері қарсаңында қосымша рейстер ашылады: тізім: 13 желтоқсан 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengritravel.kz
  • TengriNews
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Бүгін Халық әртісі Мақпал Жүнісованың туған күні (ВИДЕО)
Бүгін Халық әртісі Мақпал Жүнісованың туған күні (ВИДЕО)
  • sn.kz
«Аллаға сансыз шүкірлер мен мадақтар»: Актер Жанболат Найзабековтің бесінші перзенті дүниеге келді
«Аллаға сансыз шүкірлер мен мадақтар»: Актер Жанболат Найзабековтің бесінші перзенті дүниеге келді
  • sn.kz
Енді киноға бөлінетін қаражаттың 30%-ы «Қазақфильмге» бағытталады - Балаева
Енді киноға бөлінетін қаражаттың 30%-ы «Қазақфильмге» бағытталады - Балаева
  • el.kz
Қазақ даласында бұрын-соңды болмаған рекорд
Қазақ даласында бұрын-соңды болмаған рекорд
  • e-history.kz
Жетісу облысында адам қағып, мерт қылған жүргізуші ұсталды
Жетісу облысында адам қағып, мерт қылған жүргізуші ұсталды
  • turkystan
40 жастағы әйел екі баласын пышақтап, кейін өз-өзіне қол жұмсады
40 жастағы әйел екі баласын пышақтап, кейін өз-өзіне қол жұмсады
  • turkystan
Жас әнші Ержан Максим Дубайда жеңімпаз атанды
Жас әнші Ержан Максим Дубайда жеңімпаз атанды
  • turkystan
Қостанай облысында 24 жастағы әйел айдаладан табылды
Қостанай облысында 24 жастағы әйел айдаладан табылды
  • turkystan