Сербиялық теннисші Новак Джоковичке Уимблдонның финалындық матчындағы әрекеті үшін 8 мың доллар айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.Бұл туралы Газета.RU журналист Майк Диксонға сілтеме жасап жазды. Испаниялық теннисші Карлос Алькарас бесінші сетте брейк жасады. Осыдан кейін есеп 3:1 болып, Алькарас алға шықты, осы кезде Джокович ракеткасын тордың тіреуіне соғып, оған із қалдырған. Бұл әрекеті үшін сербиялық спортшы матчтың төрешісінен ескерту алды. Оның ракеткасы жарамсыз болып қалды. Матч 1:6, 7:6, 6:1, 3:6, 6:4 есебімен испаниялық теннисшінің жеңісімен аяқталды. Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (ATP) рейтингінде Алькарас 1, ал Джокович 2-орында тұр. Үздік үштікті ресейлік Даниил Медведев түйіндеді.