Ресей Премьр-лигасындағы "Зенит" сапында ойнайтын Нұралы Әліп мұрнын сындырып алды. Бұл туралы Meta Ratings.kz сайты хабарлайды."Зенит" пен ЦСКА арасындағы матчта футболшылар арасында жиі кикілжің болды. Алдымен екі команда ойыншылары арасында түсініспеушілік орын алып, арты төбелеске ұласты.Ал қосымша минутта "Зенит" ойыншысы Нұралы Әліп әуедегі допқа талас кезінде қарсыласымен соқтығысып қалды. Екі ойыншының да басы соқтығысып, салдарынан Әліптің мұрны сынып кеткен. Комментаторлар аталған жағдайды "өте қорқынышты" деп бағамдап, ойыншылардың сауығып кетуін тіледі.Айта кетелік, Нұралы Әліп Қазақстан командасының 7 қыркүйекте өтетін кездесуіне шақырту алған болатын.