Нұралы Әліпке "ПСЖ" мен "Манчестер Сити" футбол клубтарынан ұсыныс түсті

Қазақстандық футболшы Нұралы Әліпке франциялық "ПСЖ" және англиялық "Манчестер Сити" командаларынан ұсыныс түскен. Бұл туралы "Қайрат" футбол клубының бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев блогер Артур Асқарұлына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. "Бізде "ПСЖ" және "Ман Ситиден" ұсыныс бар. Жалпы, ортақ әңгіме деуге болады. Басқа клубтардан да ұсыныстар түсіп жатыр", - деді Қайрат Боранбаев. Айта кетейік, қазір Нұралы Әліп ресейлік "Зенит" футбол клубында ойнайды. Ол осы маусымда 37 матч өткізіп, 1 гол соқты. Сондай-ақ Ресей чемпионы атанды және ел кубогын жеңіп алды. Нұралы – Ақтаудың тумасы. Сегіз жасынан бастап "Каспий" академиясында футболмен айналысқан. 2015 жылы "Қайрат" академиясына ауысып, арада үш жыл өткен соң осы клуб сапында алғаш рет алаңға шықты. Нұралы "Қайрат" сапында жалпы есебі 99 матч өткізген. Transfermarkt порталының мәліметінше, футболшының трансферлік нарықтағы құны – 3 миллион еуро. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Түркістандық дәрігерлер 105 науқасқа коронарография əдісімен ота жасаған
4 млн доллар ұтып алған азаматтың қуаныштан жүрегі тоқтап қалды
Қазақстанда 16 жасырын есірткі зертханасы жойылды
Елнұр Бейсенбаев: Үкіметтің кейбір мүшелері өз міндетін білмейтін секілді
Ақтаудағы қоғамдық дәретханалардағы жағдай жұртты шошытты
Кезекте тұрған 100-ге жуық түркістандық баспаналы болды
Доллар тағы қымбаттады: 26 маусымға арналған валюта бағамы
Қазақстандықтар МӘМС-ке қаржысын аударып, медициналық көмек ала алмай отыр – Айдос Сарым
Еуропа чемпионаты: Плей-офф сатысына шыққан тағы үш құрама анықталды
Елімізде адам ағзасындағы радиация көлеміне қарай әлеуметтік көмек берілмек
Семей ядролық полигоны: зардап шеккендерге әлеуметтік көмек басқаша есептелмек
Алматылық әйел көпқабатты үйдің терезесінен құлап, қайтыс болды
IBO-2024: басталуына 12 күн қалды
Қазақстанда түрмедегілерді тегін оқыту ұсынылды
Дархан Жазықбай Бакуде халықаралық семинарға қатысты
Қазақстанға 250-ден аса қандас балалар жазғы лагерьге келді
Алматылық қыз жоғары қабаттан секіріп, суицид жасаған сәт видеоға түсіп қалды
Биіктен құлаған бойжеткеннің соңғы минуттары видеоға түсіп қалған
"Сот 20 заң бұзған". Бишімбаевтың апелляция сотында не айтылды?
Бүгінде аты бар, заты жоққа айналған Төре күйшілік мектебі
МӘМС: Бала тууға қатысты тарифтер қымбаттады
Ауылдарда ғана емес, қалада да интернет сапасына шағым көп – Дүйсенова
Туған қызын тұншықтырып, артынан өзіне қол жұмсаған
Алматы облысында жоғалған үш жасар қыз әлі табылмады