Отандық әнші Нұрболат Абдуллинның бірнеше күн бұрын үшінші қызы дүниеге келді.Өнер иесі нәрестеге қандай есім қойғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Бұл жайлы әнші Instagram парақшасында баяндады."Тағы да өзім қойдым. Минуар", - деп жазды әнші.Сонымен қатар Нұрболат Абдуллин Минуар есімінің қандай мағына беретінін де түсіндіре кетті.Әншінің жазбасына сүйенсек, Минуар - араб тіліндегі "Мунаввара" есімінің түрікше түрі. "Жарық", "нұрлы", "Медина қаласы" деген мағынаны білдіреді.Айта кетейік, Нұрболат Абдуллиннің Минуардан бөлек Шахназ және Табиғат есімді екі қызы бар.