Көпшілікке Qanay лақап атымен танылған Нұрболат Қанай биыл отбасы құрған болатын. Өнер иесі жұбайын туған күнімен ерекше құттықтады, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Шыны керек, не сатып аларымды білмедім. Себебі, бұлай ешкімді құттықтамаппын. Туған күніңмен, жүрек! Аллаға шүкір! Тіл-көзден сақтасын! Саған тек бақыт, қуаныш, өмірдің барлық жақсылығын тілеймін. Соңғы демім біткенше жаңындамын! Сенің Геркулесіңмін ғой", - деп жазды Нұрболат Қанай. Видеодан әншінің жұбайын туған күнімен құттықтау үшін арнайы бірнеше сыйлық пен құшақ толы гүл алғанын байқауға болады. Осыдан соң Нұрболат Қанай достарымен жиналып, келіншегіне тосынсый жасайды.