Нұрлан Байбазаров Премьер-Министрдің орынбасары әрі Ұлттық экономика министрі болды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалды.Нұрлан Байбазаров 1975 жылғы 10 қазанда туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. 23 жылдық жұмыс өтілі бар, оның 7-і «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-да басшылық лауазымдарда. 1997-2003 жылдары ҚР Қаржы министрлігінде жұмыс істеді. 2004 жылдан 2011 жылға дейін жобаларға агенттік қызмет көрсету басқармасының бастығы, инвестициялық жобалар жөніндегі басқарушы директор, корпоративтік даму департаментінің директоры, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ корпоративтік хатшысы лауазымдарын атқарды. 2013 жылдан 2016 жылға дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің экономика салаларын дамыту департаментін басқарды. Бұдан басқа, әр жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз Консалтинг» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жұмыс істеді. 2016 жылдан бастап 2022 жылғы қарашаға дейін «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі және басқарма төрағасы болды. 2022 жылдың қараша айынан 2023 жылдың қазан айына дейін «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ басқарма төрағасы болды. «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ жалғыз акционерінің 2023 жылғы 05 қазандағы шешімімен холдингтің басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды. Ұлттық экономика министрлігінің 2023 жылғы 11 қазандағы бұйрығымен бекітілген жалғыз акционердің шешімімен №225 «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Тоқаев Қазақстанның 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы Заңға қол қойды
Ақтауда жүргізуші екі баланың өлімі үшін бас бостандығынан айырылды: 14 желтоқсан 2024, 11:28 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Теміртауда алты жасар бала мұзға батып кетті
Доллардың бүгінгі бағамы
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
Колония тәрбиеленушілері өлеңдерін Тәуелсіздікке арнады
ТЖМ құтқарушылары-2024 жылғы жастар сыйлығының лауреаттары
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды
Еліміздегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Қазақстан полициясы күшейтілген жұмыс режиміне ауысты
Әуежай мен вокзалдарда заң бұзған 1200-ден астам жауапқа тартылды
Таиландта жәрмеңкеде жарылыс болды: төрт адам қаза тапты
Әскери жүк тасымалдауға арналған арнайы вагон таныстырылды
Астана-Бурабай бағытындағы туристік пойызы 574 жолаушыға арналған
Әлем чемпионы атанған Нұрқожа Қайпановқа министрлік медаль берді
Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңа қоныс
Антикор басшысы Ирактың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілімен кездесті
Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Астанада екі жасар сәби петерде қамалып қалған
Қазақстанда полицейлер күшейтілген режимге ауыстырылды