Нұрлан имам "мектеп оқушыларына ораза ұстауға бола ма, болмай ма" деген сауалға жауап берді?

Балаларға оразада ауыз бекітуге бола ма? Қасиетті рамазан айы басталғалы қоғамда тартыс тудырған мәселенің бірі-осы. Әлеуметтік желіде мектеп мұғалімдері ауыз бекіткен оқушылардың оқу үлгерімі төмендеп, өздерін әлсіз сезінетінін айтып шулады. Дәрігерлер де жас ағзаның ашығуы мен зорығуы созылмалы дертке әкелуі мүмкін екенін айтты. Ал, дін өкілдері бұл пікірмен келіспейді. Ниет еткен балаға қарсылық көрсетудің қажеті жоқ – дейді. Кімді дұрыс? Аружан Задабектің материалы.Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Он екі айдың сұлтаны саналатын Рамазан айының рақым нұрынан әркім үмітті. Үлкені де, кішісі де таңмен таласа оянып, ауыз бекітеді. Жасөспірімдердің ерте жастан ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін біліп өсуі көз қуантады дейді – мамандар. Десе де, соңғы жылдары мектеп оқушыларының бұл қасиетті айдың мән-мағынасын түсінбей, тек еліктеп қана ораза тұтуы сәнге айналғандай. Бұл қаншалықты дұрыс? Көшеден арқасына сөмкесін іліп алып, әлі құрып әрең жүріп бара жатқан балаларды көреміз. Бәрі бірдей сабақтан шаршап, ауыр сөмке арақалаудан ентігіп жатқан жоқ. Араларында ауыз бекітіп, парызын орындап жүрген кішкентайлар да бар. Рамазан – мектеп оқушысы. Ол ораза ұстап, мектепке бару ешқандай қиындық тудырмайды – дейді. Оған анасының көзқарасын білгіміз келіп еді, бұл сұраққа жауап бергісі келмейтінін айтты. Есесіне, Бибіжамал Исалова сауалымыздан қашпады. Оның 13 жастағы немересі биыл бірінші рет ауыз бекіткен. Бұл шешімді өзі қабылдаған. Ораза - еріккеннің ермегі емес, есті іс екенін өзі ұғынды – дейді. Бибіжамал ИСАЛОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: 13-те немерем, қазір ұстайды. Бәрін біледі менің немерем. Намаз да оқиды, бәрін істейді. Бәрі өзі жаттап алды. Дұғаларын айтады, дәретін алады. Бұл мәселе қоғамда қызу талқыға түсті. Қолдайтындар да, қарсылық танытқандар да бар. БЛИЦ: - Ата-аналар өздерінің балаларының денсаулығын бірінші өздері тексеру керек. Жанағы гемоглобин, общий анализ крови. Егер барлығы жақсы, дұрыс болса онда жайлап үйретуге бірден бір жол деп ойлаймын. - Қызығып ұстауға болмайды. Шын жүрекпен ұстау керек. - Әлсірейді, сабақ оқу дағдылары төмендейді. - Көбіне еліктейді да жастар. Еріншектік, ораза ұстасам мұғалім сабақ сұрамайды, жеңілдік береді деген сияқты. Мектептің бала ма, мектеп жасындағы бала сабағын оқып тыныш жүруі керек. Дәрігерлер егер бала күні бойы тамақ ішпесе, бұл оның өсуіне теріс әсерін тигізеді - дейді. Сондықтан оразаны дене толық қалыптасқаннан кейін ұстауды ұсынады. Айтуларынша, 25 жастан асқаннан кейін ғана ауыз бекітуге бекінуге болады. Арман ӘЛІБЕКОВ, ДӘРІГЕР: Ұзақ уақыт тамақтанбау қандағы қант деңгейінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Ол мидың ойлау процестеріне кері әсер етеді. Бұл өз кезегінде баланың мектептегі үлгеріміне де әсер етуі мүмкін. Тағы, сонымен қатар, ұзақ уақыт ауыз су ішпеу күні бойы баланың денсаулығына көптеген жағымсыз салдары бар. Ол баланың әлсіздігі, басы айналуы сезімі. Дін өкілдері де ораза ұстап, баланың денсаулығына зиян келтіруге болмайтынын айтты. Ал егер басқа қиындық тудырмаса, оны бұл әрекеті үшін жазалау дұрыс емес – дейді. Нұрлан БАЙЖІГІТҰЛЫ, ИМАМ: Балалар балаға қарап еліктеп, ораза ұстауы бұл қоғамның түпкі тәлім-тәрбиесіне келіп тіреледі. Ол да бір үлес. Бірақ ораза ұстаған балалар бір нәрсені аңғаруы керек. Денсаулығына қарау керек. Денсаулығындла кінәраты бар, жалпы оразаның негізгі шарты сол ғой, адамға зиян келмейтін адам ораза ұстауы керек. Ораза арқылы басы айналып құлап қалмау керек, оның оқуына зиян тимеу керек. Сабақта отырып ұйықтап қалатындай болмау керек. Шариғат бойынша дені сау адам ораза ұстауға міндетті. Ал, балиғат жасына толмаған балаға құлшылық жасау, оның ішінде ораза ұстау шарт емес. Мұны дін өкілдері растайды. Айтуларынша, балиғатқа толмаған жас баланың ағзасында әлсіздік, дәрменсіздік пайда болуы мүмкін. Сондықтан, балаларды ораза ұстауға мәжбүрлеудің қажеті жоқ дейді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Кабирханның інісі»: Дубайда өткен жарыста қазақ сәйгүлігі бірінші келді (ВИДЕО)
Абай облысында екі ауылдың 28 отбасы қоныс тойын тойлады
Көктайғақтан Қарағанды-Астана бағытында 700-тен астам көлік жолда тұрып қалды
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Доллардың бүгінгі бағамы
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшісі Мәскеуден жеңіспен оралды
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
ДСМ биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізді
ТЖМ құтқарушылары - ММА бойынша әлем чемпиондары
Сарапшы Шавкат Рахмоновтың жалғыз қателігін атады
Алматы Халықаралық әуежайында туристерге сыйлықтар табысталады
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күніне орай шыңға шықты
Алматыда XII Халықаралық «Бастау» кинофестивалі мәресіне жетті
Арқалық прокурорының орынбасары этика нормаларын бұзғаны үшін қызметінен босатылды
Екібастұздық зейнеткер ауруханада 13 миллион теңгесінен қағылды
Грузияда мейрамхананың 12 қызметкері өлі табылды
Талғар қаласында әкім сайлауы өтіп жатыр
«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»