Бүгін елордадағы «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында наурыз мейрамы тойланды. Мұнда қазір 120 бала тәрбиеленіп жатыр. Бүгінгі мерекеде жеткіншектер әннен шашу шашып, би биледі. Астана қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Нұран Қамзин орталық ұжымын ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. Ерекше балаларға осындай керемет шара өткізіп, көңілін көтерген ұйымдастырушыларға ата-аналардың алғысы шексіз.Нұрбол ЗҰЛҚАЙНАРОВ, «НҰРЛЫ ЖҮРЕК» ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Кеше 16, бүгін 17 екі күн бойы Наурыз мерекесін тойлап жатырмыз. Жалпы біздің балаларға жағдай жасап жатырмыз, спорт жағын, мәдениет жағын дамытып жатырмыз. Жан-жаққа киотеатрға, театрға, мұз айдынына алып шығамыз. Майгүл МҰСА, АТА-АНА: «Нұрлы жүректің» ұжымына үлкен алғыс айтамыз. Осындай ерекше балаларымызды ұлыстың ұлы күні Наурызда той кешін ұйымдастырып жатқанына мың алғыс айтамыз. М. Жолдыбалин