"Нью-Йорктегі кездесулер еліміздің экономикалық дамуына әсер етеді", - сарапшы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йорк қаласына жұмыс сапарымен барды. Мемлекет басшысы алдымен Wabtec компаниясының президенті және бас атқарушы директоры Рафаэль Сантананы қабылдады. Әлемнің 50-ден астам елінде мекеменің филиалдары бар. Онда 27 мыңнан аса адам жұмыс істейді. Қазір бұл компания көлік-логистика саласына 1 миллиард доллар инвестиция құюды жоспарлап отыр. Мұны Қасым-Жомарт Тоқаев құптайтынын айтты. Өйткені осы арқылы Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамытуға болады - дейді. Ренат БЕКТҰРОВ, «АСТАНА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРУШЫСЫ: Жаңа келісімшарт - жаңа кезеңнің басталуы. Яғни, Citibank-тің қаржыландыруы арқылы Wabtec компаниясы біздің елімізге 240 жаңа локомотив жасамақ. Бұл өзіміздің Мемлекет басшысы қойып жатқан "орта дәлізді" дамытуға үлкен септігін тигізбек. Бұл мәміленің 900 миллионға тең, "Қазақстан темір жол" компаниясының 15% жуық локомотивтарын жаңа локомотивтарға ауыстыруға жол ашып отыр. Ал Citibank Kazakhstan – елдегі америкалық ірі банктердің бірі. Астана халықаралық қаржы орталығының жаһандық инвесторлармен байланысын қамтамасыз етуде бұл компанияның маңызы ерекше. Оны Президент Citigroup компаниясының бас атқарушы директоры Джейн Фрейзермен өткен кездесуде айтты. Мемлекет басшысы жуырда жариялаған Жолдауда елімізге үш сенімді шетелдік банкті тарту міндетін жүктеген еді. Осы арқылы жаһандық қаржы холдингінің еліміздегі қызмет аясын кеңейтуге мүмкіндік аламыз – дейді сарапшылар. Ермек АБДРАСУЛОВ, САРАПШЫ: Мен айтқан кездесулердің бәрі Қазақстанның экономикалық жағынан дамуы, әлеуметтік жағынан, жұмыс орынымен қамтамасыз ету, т.б. проблемаларды шешеді деп ойлаймын. Кездесулердің бәрі көмегі де, Қазақстанға әрі қарай пайдасы да көп, зор деп ойлаймын.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Менің жасым үлкен»: Черчесов Адиевтің ренішіне қатысты жауап берді
«Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты айтты
Щучинскте монша өртеніп кетті
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Тоқаев Қазақстанның 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы Заңға қол қойды
Тоқаев 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Президент 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгеріс енгізетін заңға қол қойды
Щучинскте монша өртеніп кетті
Ресейде Путин мен Назарбаев кездесті
Ақтауда жүргізуші екі баланың өлімі үшін бас бостандығынан айырылды
Түркістанда креативті хаб ашылды
Елде полиция күшейтілген режимге көшті
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емханаашылды
Сырым Исабаев өнерден не себепті алыстап кеткенін айтты
«21 жерден пышақ салған»: Семейде жас жігітті азаптап өлтірген тұрғын сотталды
Жетісуда қар құрсауында қалған екі адам құтқарылды
Жетісу облысында екі адам қар құрсауынан құтқарылды
Доллардың бүгінгі бағамы қандай
“Тәуелді болғым келмеді“. Сырым Исабаева өнерден алыстау себебін түсіндірді
“Тәуелді болғым келмеді“. Сырым Исабаев өнерден алыстау себебін түсіндірді
Орманшы болу оңай жұмыс емес
Хореография Академиясында Вадим Рзаевтың шеберлік сыныбы өтті
Тәуелсіздік – басты құндылық