Нью-Йорктегі сот ғимараты алдында өзін өртеген ер адам қайтыс болды

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың соты өтіп жатқан Манхэттендегі сот ғимаратының алдындағы шағын саябақта үстіне құйған сұйықтықты жағып, өзін өртеп жіберген Максвелл Аззарелло ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды KAZINFORM ВВС-ге сілтеме жасап.NBC және CNN хабарлауынша, ер адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіліп, көп ұзамай қайтыс болды. Ол өзін өртеп жіберер алдында ол айналасына конспирологиялық мазмұндағы үндеу қағаздарын шашқан. Нью-Йорк полициясының басшылары кейін қысқаша баспасөз мәслихатын өткізіп, оның есімі Максвелл Аззарелло екенін хабарлады. Ер адам 1987 жылы туған, Флорида штатындағы Сент-Огастин қаласында тұрған. Ол Нью-Йоркке шамамен 13 сәуірден кейін келген, отбасы бұл туралы білмеген. Ол жағып жіберген жанғыш сұйықтық алкоголь негізіндегі тазартқыш болды. Ресми тұлғалардың айтуынша, ол қандай да бір адамға немесе адамдар тобына шабуыл жасамақ болғаны екіталай. Олардың пікірінше, Азареллоны бұл әрекетке оның конспирологиялық көзқарасы итермелеген.Бұл тұжырымға оның әлеуметтік желідегі жазбалары мен өзін өртеп жіберер алдында шашып жіберген қағаздар мазмұны негіз болған. Полиция қызметкерлері өрт туралы хабардан кейін екі минуттан кейін әрекет етті. Сондай-ақ баспасөз мәслихаты кезінде полицияның жоғары лауазымды шенеуніктері қауіпсіздік жоспарын қайта қарайтындарын айтты, бірақ олар өз көзқарастарына сенімді болып, қажет болған жағдайда өзгерістер енгізетінін мәлімдеді. Бұған дейін хабарланғандай, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың соты өтіп жатқан Манхэттендегі сот ғимаратының алдындағы шағын саябақта жас жігіт өзіне сұйықтық жағып, өртеп жіберген. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Өркендеу өткеліндегі бір жыл
ҚПЛ қақпашысы Ресей премьер-лигасына ауысады
ИКАО Актаудағы ұшақ апатына байланысты мәлімдеме жасады
11,2 мың адам тұрақты жұмысқа орналастырылды
ICAO ұйымы ұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасады
Отандық білім беру саласының көшбасшысы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ақтау қаласы маңындағы ұшақ апатына байланысты кеңес өтті
2024-те көп қойылған есімдер
Жанна Уразбахованың үстінен қылмыстық іс қозғалды
Ұшақ апаты: ауруханадағы алты адамның жағдайы қандай?
Жарылыс болған кезде, ұшақ бөлшектеніп кетеді деп ойладым...
Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды
Ұшақ апаты: Ақтауға бразилиялық шенеуніктер келді
Астанада полицейлер күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккен азаматтардың қазіргі ахуалы айтылды
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары жұмыс сапарымен Түркістан облысында болды
Астанада жаңа жылдық ойын-сауық басталды
Ақтаудағы ұшақ апатын зерттеуге шетелдік мамандар ұшып келді
Еліміздің 14 облысына дауылды ескерту жарияланды
Актаудағы ұшақ апаты: Бразилиядан келген мамандар тергеу жұмыстарын бастады
Трамп TikTok-қа тыйым салу туралы шешім қабылдамауға шақырды
“Қуығына зақым келген“. Полицейлерден қорлық көрген шопан әділдік іздейді
«Әке, жүрегімде мәңгі қаласың»: қайтыс болған ұшқыштың қызы
Қазақстанда жемқорларды мерзімінен бұрын бостандыққа шығармау Конституцияға сәйкес деп танылды