«Обналичка істеу заңсыз», - заңгер

«Адамнан айла артылмайды» деген сайын небір сұмдықты көретін болдық. Алаяқтар «обналичка істеймін» деп несиеге рәсімдеген затты ақшаға айырбастап жүр. Аңқау елге арамза молда болғандардың әрекеті осымен бітсе жақсы ғой. Желіде арест шешімін, график қойып беремін дегендердің де жарнамасы аз емес. Қызығы олардың көбінде білім жоқ. Бұл әрекет қаншалықты заңды? Оларды кім қадағалайды? Толығырақ Аружан Задабек айтады. Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Бүгін 24 айға бөліп төлеу басталды. Жұрт банктің алдына ағылды. Ақшадан қысылып тұрғанда бөліп төлеу арқылы ақша алу ең тиімді тәсіл секілді көрінеді, әрине. Тіпті, бөркімізді аспанға атып, қуанамыз. Бірақ несиенің қалай орға жығып, опық жегізетін аңғармаймыз да. Кейін дәл осылай өкініп, өз қатемізді өзіміз өтеуге қиналамыз.  «Обналичка істеймін. Пайызы төмен. Ақшасын бірден саламын». Желіде осындай жарнама өріп жүр. Алдымен «ақша айырбастау деген не?», осыған тоқталайық. Сізге шұғыл ақша керек делік, бірақ банк несие бермейді немесе үстемақысы тым жоғары. Мұндайда әлгі айлакерлер өз қызметін ұсынады. Сіз белгілі бір фирманың өнімін кредитке рәсімдегендей боласыз, бірақ қолыңызға тауарды емес теңгені аласыз. Бір сөзбен айтқанда, екі жақтан банкті алдайсыздар. Мұндай тәсіл жұртқа жақсы таныс. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Процент қойып, адамдар ақшасын шешіп алады. Рассрочканың бір түрі ғой. Просто проценті кішкене көбірек болады. - Бір 200 мың ба, 300 мың ба, ақша керек болған кезде алғанмын. - Айына қазір 13 мың теңге төлеп отырмын мына Каспиіме. Айлакерлерге не пайда дейсіз ғой?! Олардың тегін қызмет көрсетпесі анық. Әр ақшадан процент ұстайды. Сұраныс жоғары болған сайын пайызы өседі. Бұл – заңсыз әрекет. Оған қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Алаяқтың айласы анықталса 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылады немесе 5 мың АЕК мөлшерінде айыппұл арқалайды. Жандос ТҰЯҚОВ, ЗАҢГЕР: Банкпен жәбірленушінің арасында мәміле– заңды. Оны бұзу заң алдында мүмкін емес. Сол себепті құқығы бұзылған азамат ешқандай нәтижеге қолы жетпейді, егер де несиеден құтылғысы келген жағдайда, мен шынымен несие алған жоқпын деген жағдайда. +азамат біле тұра жалған мәміле жасайтын болса, сот азаматтың құқықтарын қорғаудан бас тартуы мүмкін деген заң бар. Ақшаны алуын алып алдық. Әрі қарай әрекет қандай? Бірі – уақытылы төлесе, енді бірі айлығын шайлығына жеткізе алмай жүр. Мұндайда «Аңқау елге арамза молда» секілді арест шешімін, график қойып беремін дегендердің көмегіне жүгінеді. Ақшасын ұстатсаң, бір күнге жеткізбей шотындағы бұғатты шешеді. Негізі оны әркім өзі өтініш беріп, істеуі керек. Қолдарынан келмегесін ақылы қызметті пайдаланады. Электронды қолтаңбасын береді. Ертеңгі күні сазға отырғызып кетпесіне ешкім кепілдік бола алмайды. Рауан ЕСБЕРГЕНОВ, ЗАҢГЕР: Мұндай жағдайда сауатты төлемдер жасап, сауатты қадамдар жасап, өзіміздің бейқам емес екенімізді көрсету керек. Біздің төлеген қаражатымыз айдалаға кетіп қалуы мүмкін. Немесе ертең қайта сотқа берсе, өзіміздің төлегенімізді дәлелдей алмауымыз мүмкін. Қазақта «Айла білген кісілер, көзіңді байлап алдайды» деген мақал бар. Әзірге айлакерлерді ұстау қиын. Өйткені олар заңсыз әрекеті әшкере болмауы үшін түрлі тәсілді пайдаланады. Әркімнің жеке кәсіпкерлік құжатын жалға алып, қолданады. Бүгін 24 айға бөліп төлеу басталды. Заңгерлер банктың бұл «сыйынан» бастартқан жөн, - дейді. Заңға қайшы әрекеттен аулақ болуға шақырады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтөбеде шахтерлерге 165 млн теңге жалақы төленбеген
Астанада заңсыз тұрғызылған тұрғын үй кешені сүріледі
Станислав Черчесов Ақтаудағы ұшақ апатынан қайтыс болғандардың жақындарына көңіл айтты
Бокс: Ангелина Лукас пен Балауса Мұздиман қайта кездесуі мүмкін
Үкімет жанынан құрылған комиссия Ақтаудағы ұшақ апаты болған жерде жұмысын бастады
Ақтауда такси 10 теңге
Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ғылыми - практикалық конференция өтті
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Қазақстанның атынан үш теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады
Әзірбайжандықтар ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға келді
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Ақтау маңындағы әуе апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа мәліметтер
Әке дұғасы – тіреу, ана тілеуі – демеу
Қызылордада оқушы қызды секс-құлдықта ұстаған: әйел сотталды
26 желтоқсан Әзірбайжанда қаралы күн деп жарияланды
Мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толды: Алматыда ғылыми-практикалық конференция өтті
"Астана" баскетболшыларының сәтсіз сериясы 22 ойынға созылды (ВИДЕО)
Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады
Дайын тағам өнімдерін жеткізуге қойылатын талаптар қандай?
Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламенті қабылданды
Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан экипаж мүшелерінің кім екені белгілі болды
Жаңа дизайнмен номиналы 2 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығады
2024 жылы ауылдарда 263 медициналық нысан пайдалануға берілді
Төтенше жағдайлар министрі Ақтауға барды