Офицерлер рахаттанып декретте жүр, ал баласына бәрібір әйелі қарап отыр - депутат

Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан Jibek Joly телеарнасына берген сұхбатында әскери қызметтегі ер адамдардың бала күтіміне байланысты демалысқа шығуын ұятсыздыққа балады, деп хабарлады  Kyzylorda-news.kz. «Ер офицерлердің декретке шығуына рұқсат беретін заң 2014 жылы қабылданған болатын. Бірінші жылдары олар ұялды. Үшеу-төртеуі ғана декретке шығатын. Ал қазір 600 ер офицер рахаттанып декретте жүр. Өйткені олардың қызметі жүріп жатады, шені өсе береді. Балаға бәрібір әйелдері қарайды. Одан қалса әжесі, бала күтушілер бар. Ал офицер басқа бір жұмыста істеп жүр. Мысалы, такси айдаса да декрет ақшасымен қосқанда көп ақша табады. Бұл енді кішкене ұятсыздау нәрсе деп ойлаймын. Сондай-ақ, ол қауіпті», — деді Айгүл Құспан. Оның айтуынша, Қорғаныс министрлігі ер офицерлерді бала күтімі бойынша демалысқа жіберуге рұқсат беретін шешімдердің күшін жоюға ынталы. «Қорғаныс министрлігі қазір шырылдап жүр. Мүмкін бұл норманы қайта қарайтын шығар. Бірақ бұл шешім — біздікі емес, халықаралық норма. Халықаралық еңбек ұйымы деген ұйым бар, Женевада отырады. Солар „Ер адам мен әйелдің құқығы бірдей. Баламен отыруға екеуінің де құқығы бар. Әскери адам болсын, жай азамат болсын“ дейді. Қазақ қоғамында бұл кішкене ерсі нәрсе», — деді депутат.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Астанада «пропискаға» тұрғысы келетіндерге шектеу енгізіледі
Дзюдодан Қазақстан құрамасы Гран-при кезеңіне қатысады
Микроқаржы ұйымдары он еселеп өсім қосып, халықты қарызға батырып жатыр – депутат
AUYL SPORT: Ауыл спортының дамуына арналған маңызды әріптестік
Қазақстанда 30 мың ШОБ жобасына 1,7 трлн теңгеге қолдау көрсетіледі
Елордалық спортшылар Парижде өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды
Қазыбек Нөгербек Францияда өткен турнирде қола жүлде иеленді
Жалғызтал ауылы тұрғындары спиртті ішімдіктерден бас тартты
Берлин Ратушасына ту тіккен Кенжебай Мәденов туралы не білеміз?
Алматыда фристайлдан FIS Әлем Кубогының кезеңі қорытындыланды
Алматыда заңсыз көше саудасына қарсы жаппай тазарту жүргізілуде
Алматыда 2 мыңнан астам мопед тіркелді
2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 95 % - ға артады
Алматылық дәрігер ұшақта есінен танып қалған студенттің өмірін сақтап қалды
Алматыда «Ұлы дала ойыны» фотокөрмесі ашылды
Сирек кездесетін ауруларға шалдыққан балаларды қолдайтын кітап шықты
Алматыда «Үздік коммуналдық қызметкер» байқауы басталады
Алматыда «Үздік коммуналдық қызметкер» байқауы жарияланды
Алматыдағы «Қайрат» шағын ауданында 260 орындық жаңа балабақша ашылады
АҚШ Қытайдан келетін тауарларға салықтарды арттырды: елімізге қандай әсері бар?
Түркия музейлері: тарих пен заманауи технологияның үйлесімі
БҰҰ Бас Ассамблеясы ұйымның аймақтық орталығын Алматыда ашу туралы қарар қабылдады
Депутат балалардың телефон қарайтын уақытын шектеуді ұсынды
Рудныйда тұрғыннан 8 келіге жуық гашиш тәркіледі