Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Түркияда өзіне ота қалай жасалатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.Бұл туралы Фариза Төреәлі өзінің instagram парақшасында жариялады. Бұған дейін блогер өзінің онкологиялық дертке шалдығу қаупі бар екенін айтып, жазба жариялады. Сондай-ақ, емделу үшін Түркия қаласына барғанын жеткізген еді. Дәрігерлермен сөйлескеннен кейін өзіне ота қалай жасалатынын айтты. "Қазір бірнеше дәрігерге кіреміз. Өкпемді тексеретін болады. Биопсия алады екен. Оны тесеміз деді. Көп анализ тапсырып жүрген соң, өзім де көп уақыт аш жүрмін. Тіпті сағаттап тамақтанбадым. Хирург операция қалай болатынын айтты. Жай ғана өкпедегінің не екенін білу үшін ота жасайды. Кеуде жақтан тесіп жасайды екен. Бұған қайта қуанып отырмыз. Себебі, кеудеден биопсия алу үшін біз жақта кеудені орта жақтан кеседі деген. Таңғалып қалдым. Құр анализге бола кеседі ма деп. Ал бұндай тесіп жасайтын биопсия Түркия мен Кореяда ғана бар екен", - дейді Фариза Төреәлі.Блогер арудың айтуынша, ота жалпы наркозбен жасалады екен. Түркиялық мамандар отаның қалай өтетінін алдын ала түсіндіріп, оны барынша дайындауда. Желі қолданушылары да қалыс қалмай, оған тез сауығып кетуі үшін тілектерін білдірді. "Уайымдамаңыз бәрі жақсы болады", "Меккеде сіз үшін дұғадамыз", "Алла шипасын берсін", "Фариза көп уайымға салынбаңыз бәрі жақсы болады", - деп жазды олар.