Жамбыл облысында екі күн бұрын тұтанған таудағы өртті сөндіру әлі жалғасуда. Мамандарға желдің күшеюі қызыл жалынды ауыздықтау қиындық туғызуда. Бүгінде 300 гектардан аса жер өртенген. тілсіз жаумен күресуге 270 адам және 36 техника жұмылдырылды. МАҚСАТ АКИМБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Әлі де бұл өшірмесе жалғасады. Авиатехникамен 18 рет су тастау жұмысы жүргізілді. Нәтижесінде 27 тонна су төгілді.