Оқу-ағарту министрлігі білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығын тексерді. Мониторинг мамыр айында басталған. 193 мектептің күрделі жөндеуі 1 қыркүйекте аяқталады деп жоспарланған. Қыркүйекке дейін тағы тексеріс жұмыстары жүргізіледі. Мереке АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: Бұл мониторинг балаларымыздың сапалы білім алуының, білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығын арттырудың негізгі құралы болып табылады.