«Оқу жылы 25 мамырда аяқталады», - Т.Дүйсенова

Оқу жылы 25 мамырда аяқталады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Тамыз кеңесінде айтты. Ол «оқу жылын 36 аптаға ұзарту дұрыс, бірақ бұл асығыс шешім болды», - деді. Бұдан бөлек, министр Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тамыз кеңесі қатысушыларына жолдаған құттықтау сөзін оқып берді. Мемлекет басшысы ұрпақ тәрбиесіне үлес қосып жүрген ұстаздарға алғыс білдіріп, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Тамара ДҮЙСЕНОВА, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ – ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ МИНИСТРІ: Сіздерді білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінің басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Жаңа оқу жылы қарсаңында педагог мамандардың басын қосып, өскелең ұрпаққа білім, тәрбие беру мәселесіне қатысты алқалы жиын өткізу игі дәстүрге айналды. Бүгінгі басқосуда жас ұрпаққа озық білім, өнегелі тәрбие беру мәселесіне қатысты салмақты ойлар мен салиқалы пікірлер айтылады деп сенемін. Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін. Қасым-Жомарт Тоқаев. Мұғалім мәртебесі көтеріліп келеді. Биыл оқу бітірген әрбір төртінші түлек педагогикалық мамандықты таңдаған. Мемлекеттік грантқа үміткерлердің 25 проценті мұғалім болуды шешкен. Осыдан 5 жыл бұрын талапкерлер тегін оқуға 50 ұпаймен түссе, биыл шекті көрсеткіш 111 балды көрсетті. Тамара ДҮЙСЕНОВА, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ – ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ МИНИСТРІ: Білім беру жүйесінде белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған қаражат көлемі тек соңғы 5 жылда ғана екі есеге немесе 2-ден 4,5 трлн теңгеге дейін артты. Бүгінде осындай қаражат Қазақстанның білім жүйесіне жұмсалуда.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Астанадан Қарағандыға барған жолаушылар такси жүргізушісін ұрып кеткен
“2 жылға бас бостандығын шектеу“. Жанна Оразбақоваға қатысты қылмыстық іс қандай бап бойынша қаралып жатыр?
«2025 жыл Қазақстан үшін оңай болмайды»: Сарапшылар дабыл қақты
Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Алматыда бос жатқан аумақта мұз айдыны бар жаңа сквер ашылды
Адам қанша күн ұйықтамаса, галлюцинация пайда болады?
Алматыда 11 нотариустың лицензиясы тоқтатылды
ШҚО-да 700-ден астам адамды ит қапқан (ВИДЕО)
“2 жылға бас бостандығын шектеу“. Жанна Оразбақоваға қатысты қылмыстық іс қандай бап бойынша қаралып жатыр?
19 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
«Ескерту жазбайсыңдар, айыппұл жазасыңдар». Желіде полиция бастығының аудиосы тарағаны рас па?
Халықаралық ауыр атлетика федерациясының делегациясы Қазақстан ҰОК кеңсесіне келді
Құрманғазыда жаңадан екі көпір салынады – Атырау облысы
Қыста тері проблемасы болмас үшін қандай дене бөлігін жуу қажет?
Қарағандыдағы Үлкен Бұқпа өзені қалай тазартылып жатыр
Солтүстік Қазақстанда жұмысшылардың жалақысынан заңсыз ақша ұсталған
Алматы облысында барымташылар тобы құрықталды
Ашқарынға жеміс-жидек жеуге бола ма? Дәрігер жауабы
Астанада крещение рәсімі қалай өтіп жатыр
Қазақстанның су тасқынына дайындығы қандай деңгейде?
Павлодарда төрт жыл алимент төлемеген әке ұсталды
СҚО-да "Құстарға арналған эко-қоректендіргіштер" экологиялық байқауы өтті
Су тасқыны кезеңіне дайындық: қорғау мен алдын алудың кешенді шаралары
«2025 жыл Қазақстан үшін оңай болмайды»: Сарапшылар дабыл қақты