Елімізде жасөспірімдерге қатысты қылмыстың үштен бірі жыныстық зорлық-зомбылыққа байланысты. Оның көбі интернеттегі таныстықтан кейін жыныстық қылмыс құрбанына айналған. Бейтаныс адамдармен сөйлесіп, жалдамалы пәтерде түрлі той тойлайды. Ішімдік пен есірткі қолданып, от басқандарын өздері білмей қалады. Әсет ОСПАНОВ, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ: Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыстардың 30%-і ерікті түрде болғаны анықталды. Мұндай жағдайға тап болған жасөспірімдердің виртуалды әлемі үлкендердің бақылауынсыз қалған. Әрі ата-ана мен бала арасында сенімді диалог болмаған. 12 мың адам ата-аналық міндетін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 600-і ата-ана құқығынан айырылды. Былтыр балаларға қатысты жыныстық қылмысқа итермелейтін 20 мың интернет-ресурс анықталған. Оқу жылы басталғалы 1400 жасөспірім ішкі істер органдарының бақылауына алынды. Өйткені олар түрлі тәртіпсіздікке бейімділік көрсеткен. Полиция кәмелетке толмағандар тарапынан болған 40 бопсалау фактісінің жолын кесті.