Оқу-ағарту министрлігі мектептерде оқу жылының аяқталуы мен емтихандарды өткізу мерзімі туралы бұйрықтың жобасын қоғамдық талқылауға шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Қазіргі жоспарға сәйкес, 2022-2023 оқу жылы барлық мектепте 31 мамырда аяқталады. 2-13 маусым аралығында 9 (10) сыныптар үшін қорытынды емтихандар ұйымдастырылса, 5-19 маусым күндері 11 (12) сынып оқушылары мемлекеттік емтихандарын тапсырады. Бұйрық жобасында қорытынды аттестаттаудың мерзімдері де көрсетілген. - 9 (10)-сынып оқушылары үшін: қазақ/орыс тілі және өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде білім беретін мектептер үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп білім алушылары үшін жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 2023 жылғы 2 маусым; - математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 2023 жылғы 6 маусым; - орыс/ өзбек/ ұйғыр/ тәжік тілінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) – 2023 жылғы 9 маусым; - таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2023 жылғы 13 маусым; - 11 (12) сынып оқушылары үшін: қазақ/орыс тілі бойынша және өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде білім беретін мектептер/сыныптар үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша жазбаша емтихан – 2023 жылғы 5 маусым; - алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан – 2023 жылғы 8 маусым; - Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан – 2023 жылғы 12 маусым; - орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде/сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде/сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан – 2023 жылғы 15 маусым; - таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзілік тарих, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2023 жылғы 19 маусым. Бұйрықтың жобасы 2 наурызға дейін қоғамдық талқылаудан өтеді. Құжатпен мына жерде танысуға болады. Айта кетері, кешеден бері пікір қалдырған адамдар аз емес. Көбісі оқу жылын 31 мамырға дейін ұзартуға қарсы. Ата-аналар бұрынғы 25 мамырды қайтаруды талап етіп отыр.