"Оқу орындарына тексеру жүргізу қажет",- Үкімет басшысы

"Мектептің ішінде де қауіп бар". Әлихан Смайылов Петропавлда мектепте болған жағдайдан кейін оқу орындарына тексеру жүргізуді тапсырды. Бүгін үкімет отырысында ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев мектепте болған оқиғаны егжей-тегжейлі баяндап берді. Оның айтуынша, оқушы қазір қамауда. Күдіктінің денсаулығында психикалық проблема болған. Алайда Алматы қаласының республикалық психикалық орталығы оған жалпы орта мектептерде білімін жалғастыруға рұқсат берген деді. Ал жәбірленген екі оқушы қалалық емхананың стационарында жатқанын айтты. Үкімет басшысы бұл өте қауіпті жағдай екенін ескертіп, бірқатар жауапты министрліктерге тапсырма берді.Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: Бұл мәселені қайта қарап, оқу орындарына тексеру жүргізу қажет. Бейнекамералардың санын көбейтіп, мектепке кіреберіс жерлерде бақылауды күшейту мәселесін қарау керек. Ішкі істер министрлігі келісілген ұсыныстарды енгізсін. Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккен балаларды емдеуді ерекше бақылауға алсын. Оқу-ағарту министрлігі Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министрліктерімен бірлесіп, қауіпсіздік сабақтарын әзірлеуі керек. Балалар әр түрлі жағдайда өздерін қалай ұстау керек екенін нақты білуі тиіс Б. Сатуов

Читать источник astanatv.kz/kz/
Молдовалық маман «Ордабасыға» келмейтін болды
Бұрынғы UFC чемпионы Рахмонов — Гэрри жекпе-жегіне болжам жасады
Ауылда шығатын өнімге сұраныс жоғары
XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің қазылар алқасының 70%-ы - шетелдік сарапшылар
Серуендеу - ми жұмысын жақсартудың ең оңай әрі жылдам әдісі
Алматыда тауға жалғыз шыққан жасөспірім адасып кетті
Алматыда туристерді құтқару амалдары пысықталды
Қазақстанда мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Экология мен халықтың денсаулығын жақсарту тәсілдері белгіленді
Әлемде аллергияның әлегіне түскендер көбейген
Елде темір жолдарды жөндеу жұмыстарының 96%-ы аяқталды
Қазақстан мен Ресейдің ауыл шаруашылығы ведомстволары агроөнім саудасын жеңілдетуге ұмтылуда
Рейсті 15 сағат кешіктірген: «Эйр Астана» тағы айыппұл арқалады
Алматыда Қазақстан мен Ресей волонтерлік ұйымдарының слеті өтті
ТЖМ құтқарушылары елордада жаппай рейд өткізді
Жасырын қауіп: үйдегі бұл заттарды ай сайын ауыстыру керек
Көлік полицейлері ҚТЖ-да дизель отынын ұрлаған қылмыстық топты ұстады
Қызылорда облысында газ желісіне қосылған ауылдар саны артты
ТМД елдерінде шарап өнеркәсібі реттеледі
Қырғызстанда жер сілкінісі тіркелді
Атырау тұрғыны сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
ТЖМ құтқарушылары елордада және оған іргелес елді мекендерде жаппай рейд өткізді
Жаңа жыл қарсаңында пойыз билеттеріне жеңілдік жасалады
Елордада интернет-алаяқтықпен күрес қалай жүріп жатыр