Оқушы қызды мүгедек қылған көлік жүргізуші сотталды

9-класс оқушысы Қарақат Жұмажанқызын көлігімен қағып, мүгедек қылған оралдық жүргізушіге берілген жаза тым жұмсақ! Батыс Қазақстан облыстық аппеляциялық соты марихуана шегіп, рөлге отырған жүргізушіні қамау туралы шешім шығарды. Бұған дейін оған небары 1,5 жылға шартты жаза берілген еді. Істі қараған судья оның үлгілі қызметкер екенін әрі бұрын істі болмағанын ескеріпті. Бұған келіспеген оқушының ата-анасы сотқа қайта шағымданып, арыз түсірді. Бүгінгі аппеляциялық сот отырысында алғашқы үкім қайта өзгертіліп, айыпталушы 1 жыл алты айға сотталды. Бұған қоса ол көлік жүргізу құқығынан 10 жылға айрылып, жәбірленушіге 10 миллион теңге моральдық шығын төлеуге міндеттелді.Айвар БИЖАНОВ ОБЛЫСТЫҚ СОТ СУДЬЯСЫ:Сотталушы есірткі шегіп, көлік рөліне мас күйінде отырған. Осылайша өзгелердің өміріне қауіп төндірген. Соның кесірінен оқушы қыз ауыр жараланды. Жағдайы әлі ауыр. Айыпталушыға міндеттелген өтемақы оны емдеуге жеткіліксіз әрі үкім тым жұмсақ болды. Осыны ескеріп, үкімді қайта өзгерттім. Жәбірленуші Қарақаттың тілсіз, қимылсыз жатқанына бүгінде жарты жылға жуықтады. Көлік дөңгелегінің астында қалған оның миы мен ішкі мүшелері зақымданып, қол-аяғы бірнеше жерден сынған. Тілге келмеген қызды анасы күн сайын дәрінің күшімен ұйықтатуға мәжбүр. Дәрігерлердің айтуынша, реабилитацияның өзіне кемі 5-6 жыл керек.Дина МУСИНА ҚАРАҚАТТЫҢ АНАСЫ:Ол кісіге көлікке отырғанда жауапкершілікпен отыру керек еді. Қызым сабаққа бармай қалды, ұйқысыз, ұйқысы тыныш емес, дәрісіз ұйықтай алмайды. Сот әділ өтті, облыстық сот тиісті үкімін шығарды. Үлкен рақмет айтам. Ең бастысы Қарақатым тәуір болып кетсін!

Читать источник astanatv.kz/kz/
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Қаржы министрлігі
Еркебұлан Сейдахмет еуропалық клубқа ауысады
Қазақстандықтар тұрғын үйді онлайн сатып ала алатын болады
Жұмысшы мамандықтар жылынан не күтеміз?
Қыз баланың ер адамға тіктеп қарамағанының өзі – имандылық
Қазақстанда жылжымайтын мүлікті онлайн сату және сатып алу жобасы іске қосылады
Ауылдық медицина – қолжетімділік пен сапаны арттыру
Мопедті тіркеуге  қандай құжат керек?
Өзбекстан Қазақстан қалаларына жаңа автобус бағыттарын іске қосады
Тыныштық пен келісімнің мекені
Жжұмысшы мамандарды дәріптеу қажет
Жұмысшы мамандарды дәріптеу қажет
Алматыда қор-қордың түтініне еліткен 100-ден астам адамға айыппұл салынды
Еңбек пен шеберлік бағаланатын  уақыт
 Кәсібилік және еңбекқорлық біліктіліктің  жаңа сапасын қалыптастырады
Теміржол мамандарын даярлау: жаңа мүмкіндіктер мен тәжірибе
Қазақстандық актер Нью-Йоркте марапатталды
Алматыдағы бос учаскеде жаңа демалыс  аймағы пайда болды
Саматтың сырлы суреттері
Жазушы Мұхтар Мағауин дүниеден өтті
1,2 миллион ауыл тұрғыны жылжымалы кешенде медициналық көмек алды
Отбасының цифрлық картасында еліміздің 20 млн азаматы туралы ақпарат жинақталған
Алматының индустриалды аймағында 2024 жылы 10 жаңа жоба жүзеге асты
Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін кеңейту жоспарлануда