Ұлттық статистика бюросы кеңсе тауарларының бағасы бір жылда қалай өзгергені туралы мәлімет ұсынды.Өткен жылдың шілде айымен салыстырғанда кеңсе тауарларының бағасы 2023 жылдың шілдесінде 64,4% қымбаттаған. Атап айтқанда, мектеп дәптерінің бағасы – 77,2%, қалам – 38,6%, түрлі-түсті қарындаштар – 41,9%, сурет альбомы – 44,1% көтерілді.