"Оқушылар таза әрі бояу иісі жоқ сыныптарға келуі тиіс", - Ә.Смайылов

"Оқушылар таза әрі бояу иісі жоқ сыныптарға келуі тиіс". Бүгін Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында осындай тапсырма берді. Жаңа оқу жылына екі апта ғана уақыт қалды. Дегенмен, білім ұйымдары толық дайын емес. Биыл 180 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бірақ барлығы бірдей жаңа оқу жылына үлгірмеу қаупі бар. Мәселен, Ақмола облысында 7, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында 2 мектептен бар. 52 жаңа мектеп пайдалануға беру жоспарланған. Оның 15-нің құрылысы аяқталмай қалуы мүмкін. Басым бөлігі Түркістан облысы мен Астана қаласында орналасқан. Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: Аталған өңірлер шұғыл шаралар қабылдауы қажет. Нормаға сәйкес, барлық құрылыс жұмыстары жаңа оқу жылының басталуынан 2 апта бұрын аяқталуы керек. Оқушылар таза әрі бояу иісі жоқ сыныптарға келуі тиіс. Сонымен қатар, 54 мектеп ғимаратынан жылыту қазандықтары әлі күнге дейін шығарылмаған. Бұл жұмысты аяқтау керек. Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: Шалғай ауылдарда мектеп жәрмеңкелері мен көшпелі автодүкендерді ұйымдастыру қажет. Әкімдіктер, Оқу-ағарту, Сауда, Индустрия министрліктері мен «Атамекен» палатасы оқу құралдары мен мектеп формасының қолжетімді бағасын қамтамасыз ету мәселелерін пысықтауы тиіс. Қауіпсіздік шарасы да ескерілмей отыр. Мектептердің 30%-дан астамы әлі күнге дейін полицияның жедел басқару орталығына қосылмаған. Сонымен қатар биыл 1,5 млн оқушы тегін тамақпен қамтылады және 500 мыңға жуығына қаржылай көмек көрсетіледі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстанда президент резиденциясының орнына стадион салынады
Балаға гаджеттерді қанша жастан бастап беруге болады?
Хоккей: Ұлыбританияға кеткен Қазақстан құрамасының үш ойыншысы елге қайтып келді
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Жексенбіде елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Бірқатар шенеунікке нашар жол үшін 16 миллион теңге айыппұл салынды
Республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды
«Майқайыңалтын» кенішінде жұмысшы қаза тапты
Садриддин Ахмедов АҚШ-та жеңіске жеткеннен кейін марқұм Шерзат Болат туралы айтты
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Джанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Жанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Таразда құтқарушылар 3 жасар балаға көмектесті
Экс-футболшы Грузия президенті боп сайланды
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды
Грузия жаңа президентін сайлады
Азаматтығын ауыстырған ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан чемпионы атанды
Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов сотқа мерзімінен босату туралы шағым түсірген
Екі облыста жолдар жабылды
Оралда құтқарушылар 6 сиырды жұқа мұздың үстінен эвакуациялады
Ертең еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады