"Ол маған қол да көтерді": Әнші Кенжебек Нұрдолдайға тұрмысқа шықтым деген қыз шындықты айтты

Жастар арасында ерекше даусымен танылған Кенжебек Нұрдолдайдың басы дауға қалды. Жазда шаңырақ көтеріп, отбасылы болған әнші тойды бейнебаянға арналған түсірілім деп жауап берді. Ал әйелі Жамила әлеуметтік желіде тойдың болғанын және әншіден бір баласы барын айтып, шындықты жайып салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Massaget.kz ақпарат порталына сілтеме жасап хабарлайды.Туғанынан көзі көрмейтін әнші ТМД елдерін бағындырды.Танымал ресейлік тележүргізуші Андрей Малаховтың "Песни от всей души" бағдарламасына қатысып, қалың көпшілікке танылды. Жары Жамила да өнерден алыс емес. Айтуынша екі жасты өнердегі достары таныстырған. “Біздің махаббат хикаямыз былтыр күздің қыркүйек айында басталған. Ортақ музыкант достарымыз арқылы таныстық. Басында дос болып араластық, кейін бір-бірімізге сезіміміз оянып, ғашық болдық. Кенжебек отбасын құрғысы келді. Мен де үлкен өмірге дайын болдым. Екеуміздің ойымыз бір жерден шығып, отбасын құрдық. Алдымен менің ата-анаммен танысып, әкемнің батасын алдық. Одан кейін Кенжебектің отбасымен таныстым”, – дейді ол. Алайда екі жас тойды бірден жасамаған. Оған Кенжебектің ата-анасы асықпаған әрі жақын туысы қайтыс болып, той кейінге шегеріле берген. “Тойды жаңа жылға дейін өткізбекші болғанбыз. Бірақ ата-анамыз қарсы болды. Кенжебектің жақын туысы қайтыс болғасын жылын өткізгеннен кейін жасаймыз деп сендірді. Әрі бір-бірін жақсы танысын, асықпасын деп ақылдарын айтты. Одан кейін Кенжебектің достары мені ақшасы мен атағына қызықты деп ойлады. Шындығында біз танысқанда оның “Шоколад” деген әні де болмады. Айтуынша, ол әнді маған арнаған еді. Табыс пен атақ, танымалдылық біз танысқаннан кейін болды. Оны шын сүйгендіктен ештеңеге қарамадым”, – деп ағынан жарылды. Кенжебек қаңтарда Меккеге барып, сол жақта бір қызбен танысып келген. Қазір олар бірге тұрып жатыр әрі мұсылмандық неке қиып та үлгерген. Ал Жамила ұлын босанып, жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. “Ұлым Сабырдың туғанына 14 күн болғанда Кенжебектің басқа қызбен мұсылмандық неке қиғанын біліп қойдым. Ұлым екеумізді үйден қуып шығып, сол қызға кетіп қалды. Кейін Кенжебектің анасы немересін көруге келді. Ол да мұсылмандық неке қиғанын айтып кетті. Кенжебек маған қол көтерсе де, отбасымызды сақтап қалуға тырысып едім. Қатты күйзеліске түсіп, мерзімінен бұрын босандым. Өте көп қан жоғалттым. Бірақ аман-есен ұлымды дүниеге әкелдім. Өз тегіме жаздырдым. “Балаға көмектесе алмаймын, ақшам жоқ” деді. Бірақ сол күні көлік алып жатқанын естідім, – дейді Жамила. Жалғызбасты анаға бір сәтте шындықты жайып салу оңай тиіп жатқан жоқ. Ол Кенжебектің өмірде болған шын оқиғаның бәрін жоққа шығарып, бейнебаян деп сұхбат бергеніне ашулы. “Алматыдағы концертінен кейін мұсылмандық неке қиған отбасы барын, Меккеде танысқанын айтып сұхбат берді. Біздің тойымызды бейнебаянның түсірілімі деп айтқан. Бірақ мұның бәрі шындыққа жанаспайды. Өзіне хабарласып, “халыққа бірге емес екенімізді айтайық, балалы болғанымызды да жасырмайық, сенің басқа қызға кетіп қалғаның туралы өсекке нүкте қояйық, бір шешімге келейік” деп айтқанымда, “өзара шешілген” деп ат-тонын ала қашты. Мен соңына дейін баламды жалғыз өсіргім келмей, отбасымды сақтауға тырыстым. Ешкімге сыр ашпадым. Алайда сол сұхбатты көргеннен кейін менің де көңілім суыды. Соңғы рет неге өтірік айттың деп жазғанымда, жауап бермей, бүкіл жерден бұғаттап тастады”, – деп ренжіді Жамила. Еске салайық, айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева Instagram әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде зағип әнші Кенжебек Нұрдолдаймен тілдесіп, оған үш бөлмелі пәтер сыйлаған болатын. Одан кейін әншінің көзіне Ыстамбұлда ота жасауға көмектесетінін де айтқан еді. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Үй жинауға үлгермей қалдық»: Ләйлә Сұлтанқызы Жазира Байырбекованың үйін көрсетті (ВИДЕО)
Балалар арасындағы суицид неге көбейіп барады?
10-нан артық легионер әкелсе футбол клубының басшысы 40 млн теңге айыппұл төлейді
Қазақстанда пара беруді ұсынғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін
Алматы көру және есту қабілеті бұзылған адамдар үшін кедергісіз кітапханалар жасауда
Алматының қоғамдық орындарында алғаш рет 24 автономды кітапхана орнатылды
Биылдан бастап ваучерлік қаржыландыру жүйесі ел аумағында кезең-кезеңімен енгізіле бастайды
Алматыда жолаушылар тасымалының қауіпсіздігі тексерілді
Адам өміріне ара түскен дәрігерлер
Алматыда бос жатқан аумақта мұз айдыны бар жаңа сквер ашылды
Алматыда шоқындыру рәсімі күні суға түсуге арналған 10 орын белгіленді
Алматыда Ішкі істер министрі Тәлімгерлер кеңесімен кездесті
Өткен жылы мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 1,1 млн астам қызмет алды
2025 жылы елімізде 19 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған
Былтыр еліміз тұрғын үй құрылысы саласында рекордты көрсеткішке қол жеткізді
Қазақстан футболына 200 млрд теңге бөлінген
Қазақстан 6 жылда шетелдік легионерлерге қанша ақша жұмсады
“Астана“ футбол клубы мен “Барыс“ хоккей командасы легионерлерге қанша қаражат жұмсады?
Ақтөбедегі сұмдық: Кепілде болған әйел ата-анасының көз жұмғанын білмейді
Алматының қоғамдық орындарында алғаш рет 24 дербес кітапхана орнатылды
Баға қайда кетіп барасың деп жыламсырайтын жағдайға жеттік - Ерлан Саиров
Депутат: Қылмыс болса, камерадан жазбаны таппай қаламыз, ал айыппұл салған кезде табыла қалады
Президент жасанды интеллект саласындағы сарапшылармен кездесті
Алматылық 75 жетекші мен әдіскер мектепке дейінгі білім берудің халықаралық тәжірибесін меңгерді