"Ол өз өтінішімен кетті": Ұлттық университет Санжар Тәшкенбайдың оқудан шығуына қатысты мәлімдеме жасады

Әлеуметтік желіде бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбайды Еуразия Ұлттық университеті оқудан шығарып жібергені туралы ақпарат тарады. Осыған қатысты аталған білім ордасының ресми Instagram парақшасы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Айта кетелік, журналист Ғалым Қожабек желідегі ресми парақшасында әлем чемпионы Санжар Тәшкенбайды оқудан шығарып жібергені туралы жазған болатын."Мен бір сөзімде қайда оқисың деп қалдым. Ол болса "Ешқайда оқымаймын, 2021 жылы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне грантқа оқуға түскен едім оқытушы-жаттықтырушы мамандығына. Бірақ оқуым ұзаққа бармады, бірінші курстың ортасынан бастап стипендиямды алып тастады, одан кейін сабаққа белсенді қатыспағаным және жазғы практикаға қатыспағаным үшін оқудан шығып қалдым. Ақылы оқуға ауысайын десем қаражат жетіспейді, үйде менен басқа бес бала бар, әкем қарапайым таксист, анам үй шаруашылығынан босамайды. Бұл кездері мен жастар арасындағы Азия және әлем чемпионатына қызу дайындық жүргізіп жүргенмін. Тынымсыз жаттығуларымның арқасында екі жарыста да чемпион болдым. Ал 2022 жылы ересектер арасындағы чемпионатта чемпион атандым. Бірақ оқуымнан шығып қалдым, соған өкінемін, аға", - деп көңілінде жүрген бір кірбіңін білдірді", - деп жазды журналист.Кейін бұған қатысты Еуразия Ұлттық университеті пікір білдіріп, боксшының оқудан өз еркімен шыққанын хабарлады. Әлеуметтік желіде Санжар Ташкенбайдың оқудан шығарылғандығы туралы ақпарат таратылуда."Ақпарат шындыққа жанаспайды. Санжар өзінің жеке өтінішімен оқудан шықты. Университет талантты студенттер мен түлектерді қолдайды! Біз барлық қазақстандықтар секілді Санжардың жеңісімен мақтанамыз және оған жаңа жетістіктер тілейміз! Санжардың өзі ниет білдірсе, университет белгіленген ережелер аясында оны қабылдауға дайын", - делінген ресми хабарламада.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстанға Starlink жабдығын әкелуге тыйым салынады
Шымкентте әйелін буындырып өлтірген 50 жастағы ер адамға үкім шықты
Алматыда тағы бір тұрғын үй кешені сүріліп жатыр
«Түрмеге отырып шыққан адам бұрынғыдай болмайды»: Мейіржан Төребаевтың жары күйеуінің қазіргі жағдайы туралы айтты
Алматы қаласы Мәслихатына жаңа депутат сайланды
Шымкентте әйелін буындырып өлтірген 50 жастағы ер адамға үкім шықты
«Иә» дедім»: әнші Ayree жақында тұрмысқа шығады (Видео)
Қазақстанға Starlink жабдығын әкелуге тыйым салынады
Алматыда тағы бір тұрғын үй кешені сүріліп жатыр
Енді Қазақстанда жазғы үйлердің аумағы 50 шаршы метрден аспауы тиіс
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы бекеттер жұмыс істемейді
Араға 10 жыл салып екінші рет қазақ баласы әлем чемпион атанып отыр – Нұрғиса Әділетұлы
Бір күнде тергеуден қашып жүрген үш күдікті ұсталды
Жерасты газгольдері өртеніп, 850-ден астам адам эвакуацияланды
TikTok 2024 жылы: Қазақстандағы ең жарқын сәттер мен трендтер
«Астана» - «Челси» матчынан кейін Алматы орталық стадионының басшысы қызметінен босатылды
«Астана» командасы «Челси» клубынан жеңіліп қалды
Нұрғиса Әділетұлы Бахрейндегі әлем чемпионатының жеңімпазы атанды
Нұрбек Оралбай 50 мың доллар сыйақыға ие болды
Қанат Бозымбаев Атырау облысының алдағы су тасқынына дайындығын тексерді
“Астана“ - “Челси“ матчы: Орталық стадионның басқарушысы қызметінен босатылды
Алматыда жастарға сейсмикалық қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде
Елордада арнаулы әлеуметтік қызметтермен 7,5 мыңнан астам адам қамтылды
Қазақстанда ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты