«Өлген адаммен сөйлесуге болады», - регрессолог

Өлген адаммен де сөйлесуге болады. Регрессологтар осылай дейді. Олар о дүниедегілердің рухымен байланысып, өмірдегідей өткен-кеткенді әңгімелей алады-мыс. Керек десең, періштелерді сөйлетеді. Регрессология ілімінің бары рас па? Әлде бұл жындының сандырағы ма? Әріптесім Аружан Задабек ғылымды зерттеп, марқұмдармен өзі тілдесіп көрді. Көрейік.Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Регрессология ілімінің адамға қалай әсер ететінін өзім зерттеп көргім келіп тұр. Ол үшін маған қазір көмектеседі. Мен дәл қазір өзімнің қайтыс болған атаммен тілдескім келеді. Онымен байланыс орнатып, бірнеше сұрақ қойғым келеді. Сіз маған көмектесесіз бе? Регрессолог алдымен жан тыныштандыратын әуен қойып, бұл өмірдегі барлық болып жатқан оқиғаларды ұмыттыруға тырысты. Құдды бір гипноз секілді. Құлағыма сыбырлап, жол сілтеген кезде о дүниеден бір-ақ шыққанымды байқамай қалыппын. Кенет, өзім сұраған атамның бейнесі алдымнан шықты. «Жындының сандырағы келеді» деуші ма еді? Ілімді зерттеймін деп, ілмекке ілінгендей күй кештім. Ес жиып, өз-өзіме келгеннен кейін бұның жәй ғана психология екенін ұқтым. Қиял, шіркін, жылдам ғой. Жүйрік ойдың жетегінде кетіп, атамнан естігім келген сөзді өзім аузына салып бердім. Демек, өлгенмен тілдесу мүмкін емес қой деп едім, оған регрессолог былай жауап берді. Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА, РЕГРЕССОЛОГ: Қайтыс болған адамның рухымен тілдесуге болады. Рухты шақыруға болады. Кей кезде терапияға дайын болып келгендерге рухтар бірден келіп тұрады. Одан қорқудың қажеті жоқ. Бұл ешқандай да қиял емес. Ол шынымен сіздің атаңыз! Тіпті, періштелермен де сөйлесуге болады. Періштемен жолықтырып, көрдегі адаммен кездестіретін тағы бір маман бұл талай жанның бақытты болуына септігін тигізген ғылым деп санайды. Тіпті, біз айтатын түйсік те -осы регрессология ғылымының белгісі. Айдана САҒЫНҒАЛИ, РЕГРЕССОЛОГ: Біз ішіміз сезді, түйсігіміз білді дейміз ғой. Соның барлығы ішіміздің, рухымыздан келген жауап. Біз соған көп мән бермейміз. Ал, осы регресс терапиясында жатқан кезде адамның миының бәрі тынық болған кезде түйсіктегі нәрсенің барлығы шығады. Айтпақшы, біз қазір жаңа дәуірге өтіп жатырмыз-мыс. Ол дәуірдің аты - суқұйғыш деп аталады. Жаңа дәуірде адамдар космоспен байланысуды еркін меңгеріп, періштелерімен, инопланетарлықтармен тілдесе алады. Ал, дін өкілдері бұл ақылға сыймайтын, сандырақ – дейді. Шалқар ЖОЛДЫ, «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНІҢ ҰСТАЗЫ: Өлгеннен кейін мәйітпен сөйлесу мүмкін емес. Себебі, адамның тәнін жер қойнына тапсырғаннна кейін оның рухы «барзах» денелерінде болады. Ол жерде егер бұл дүниеде жасаған амалдары ізгі амалдар болса, Аллаһтың нығыметіне бөленеді. Ал, егер күнә амал болып, күнәлі іс жасаған болса, онда тозақ отынан азапталған болып саналады. Қазір регрессология ғылымына жүгінетіндер көбейген. Бірақ, ілімнің бар-жоғы әлі толық зерттелген жоқ. Оған сеніп-сенбеу де әркімнің өз еркінде. А. Задабек

Читать источник astanatv.kz/kz/
Еліміздегі республикалық маңызы бар жолдарда жаңа индекстер бекітілді
Алматыда 23 қарашада доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
Соқпақпаев мұрасы – оқырманға олжа
ШҚО-да «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша алғашы сәби дүниеге келді
Қасым-Жомарт Тоқаев Патриарх Кириллді Астанада өтетін Дін лидерлерінің VIII съезіне шақырды
Жетісуда дизель отынын ұрлаған машинистер сотталды
“Суық пен аштықтан қиналып қалдым“: жасөспірім тауға шығып, түсе алмай қалған
Түркістан облысында әйел мен оның қызын өлтірген күдіктінің соты ашық өтеді
Абай облысында қазандық жарылды: полиция тергеу жүргізіп жатыр
Орбан Нетаньяхуды қауіпсіздік кепілдігімен Венгрияға шақыруды жоспарлап отыр
Алматыда креативті индустрия өкілдерімен кездесу өтті
Шымкентте бір күндік сәбидің өңешіне күрделі ота жасалды
Қазақстанның бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлайды
«Сібір жарасын жұқтырды»: Атырауда қасапшы ауруханаға түсті
Конор Макгрегор зорлау ісі бойынша кінәлі болып шықты
СҚО бойынша ҰҚҚК департаменті бастығының экс-орынбасары күдікке ілікті
Қаржы министрлігі: Мемлекеттік сатып алу туралы ашық диалог
«Бауырына салу» фильмі тағы бір халықаралық марапатқа ие болды
Алматы облысында тауда адасқан жасөспірім құтқарылды
Мұғалімдер сынып жетекшісі болғаны үшін қанша теңге алады?
Ресей Солтүстік Кореяға мұнай беріп, қару-жарақ пен сарбаздар алып отыр
Сайран жағалауындағы жаңа қоғамдық кеңістік 2025 жылы ашылады
Барлық өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Демалыс күндері ауа райы қандай болады