"Өлген баланы босана алмай 10 күн жүрдім": Баян Алагөзова алғашқы жүктілігін есіне алды

Белгілі продюсер, актриса Баян Алагөзова алғаш рет ешкімге айтпаған жан сырын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Мамский әңгіме” подкастына сілтеме жасап хабарлайды.Өнер иесінің алғашқы жүктілігі 20 жасында өткен. “Тұрмысқа 19 жасымда шықтым. 20 жасымда жүкті болдым. Үш рет құрсақ көтердім. Айсәуленің алдында бір бала шетінеп кетті. Айсәуле – екінші перзентім. Тұңғыш баламның жүрегі отыз алты аптаға жақындағанда тоқтап қалды. Өте ауыр болды. Бұл менің алғашқы күйзелісім еді. Ол кезде өте жас болдым. Физикалық тұрғыдан өте ауыр болды, өлген баланы босану үшін он күндей жүрдім. Дәрігерлер мені дайындады",– деп еске алады сол күндерді. Сондай-ақ продюсердің айтуынша өлген баланы жатырдан тазалау үшін қаладағы ешбір емхана қабылдамаған көрінеді. "Бұл оқиғаның болғанына – 29 жыл. Ол кезде медицина дамымаған кез. Ешқандай дәрігер жауапкершілік алғысы келмейді. Дәрігерлер ата-анамнан "егер бірдеңе бола қалса, ешқандай шағым түсірмейміз", деп қолхат жаздырып алды. Кесарь тілігін жасауға болмайды, өйткені инфекция түсуі мүмкін. Сол үшін он күн бойы дәрі салды. Кейін санап шықсам, сол кезде жамбасыма күніне қырыққа жуық екпе салған екен. Оңай емес, өлген баланы он күн бойы ішімде көтеріп жүрдім, сол үшін инфекция тарамасын деп екпе сала берді. Сосын он күннен кейін босандым. Бірақ үш айдан кейін Айсәулеге қайта жүкті болдым", – дейді Баян Мақсатқызы.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қызылордада 4 жасар баланың басы орындыққа қысылып қалған
Елорда әкімі қоғамдық көліктің жұмысы туралы айтты
Фоторепортаж: “Өнер құпиясы” көрмесі
Керлингтен қысқы Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
Стюардессамен сөзге келген спортшы рейстен түсірілді
Чехияда мейрамхана жарылды: алты адам қаза тапты
Былтыр 85 экстремистік қылмыс анықталды
«Барселона» ойыншысы Рональд Араухо «Реал Мадридке» қарсы ойнаудан бас тартты
Моңғолия халқы үкіметтің отставкаға кетуін талап етуде
IX қысқы Азия ойындарының билеттері ресми сатылымға шықты
Діни радикалдар тобының 11 мүшесі ұсталды
Менен кейін өледі деп ойлайтынмын: Исабеков Мағауиннің әруағынан кешірім сұрады
Алматыда клиника дәрігері науқасқа шабуыл жасаған
Ең пайдалы бес жеміс-жидек аталды
Доллар бағамы қандай?
2025 жылы қазақстандықтар неше күн демалады
АҚШ-та Хабиб Нурмагомедовты ұшақтан түсіріп тастады
Лос-Анджелес отты қоршауда: жел өртті басқа бағытқа бұрды, қаза тапқандар саны артуда
Елордалық оқушы әлемдік олимпиадада алтын медаль жеңіп алды
Алматы облысында жеке клиниканың дәрігері науқасқа шабуыл жасаған
Көптеген заңбұзушылық бар: Алматы облысында жеке клиника дәрігері пациентке шабуыл жасады
Құтқарушылар тұрғын үйдің жертөлесінде қалған мысықты құтқарды
Туринде өтетін универсиадада хоккейшілеріміздің ойын кестесі
Астанада жол апаты болды: зардап шеккендер бар