"Олимпиада чемпиондарына берілетін сыйақыны 10 жылға бөліп, айлық ретінде беру керек", - спорт сарапшысы

Парижде өтетін төрт жылдықтың басты бәсекесінде Олимп шыңын бағындырған боксшыға 210 млн теңге беріледі. Оның 250 мың доллары мемлекет тарапынан белгіленген сыйақы. Ал қалған 220 мың долларды бокс федерациясы табыстамақ. Бұл рекордтық көрсеткіш. Оған әкімдік тарапынан берілетін баспананы қосыңыз. Егер алда-жалда допинг дауына ілініп, жеңісін жоққа шығарса, сыйақыны қайтармайды. Оны бұған дейін де талай рет көрдік. Спорт сарапшысы Асқар Хамиден "осындай олқылықтар болмас үшін өзгерістер керек",- дейді. Асқар ХАМИДЕН, СПОРТ САРАПШЫСЫ: Әлемдік тәжірибеде Олимпиада чемпиондарына берілетін жүлдені Шығыс Еуропаның кейбір елдері сіз айтқан 250 мың долларды, егер спортшы жеңсе алдағы 10 жылға жалақы бөліп береді екен. Осындай идеяларды бізге де қарастыру керек сияқты. Былғары қолғап шеберлері үздіктер қатарына енсе өзге спортшылардан 2 есе артық сыйақы алады. Осы тұста көпшілік бұл сомманың өте көп екенін айтып дабыл қақты. Бірі Токиодағы кемшілік қайталанбас үшін спортшыларға мотивация берілуде десті. Париж жолдамасын жеті боксшы иеленді. Оның бесеуін Италияда алды. Дәулет ТҰРЛЫХАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: Барлық жеңістер мен жетістіктер еңбек пен тердің арқасында келеді. Әрине, мотивация керек оларға. Өйткені күндіз түні еңбектенеді. Жыл 12 ай болса, 8-9 ай үйлерінде болмайды. Кейбірінің отбасылары бар. Балалары бар. Оларды құрметтеп, қошеметтеуіміз керек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
ІІМ: Былтыр Қазақстанда рекордтық көлемде төлқұжат шығарылды
2024 жылдың қорытындысы бойынша пайдалануға берілген оқушы орны рекордтық көрсеткішке жетті
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баянды болашақтың кепілі.
Сатыбалдыға қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Қасым-Жомарт Тоқаев: Метапневмовирусқа байланысты даурығудың қажеті жоқ
Шамадан тыс тамақтану жүректің жұмысын қиындатады
Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Студенттер үйіне барды
Мемлекет басшысы QazSwimAcademy спорт орталығының жұмысымен танысты
Алматыда жаңа жылдық мереке күндері  қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етті?
Мемлекет әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындауда
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Қазақстандық паспорт саны рекордқа жетті
55 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылды
Қазақстан азаматтары қай елдерге визасыз бара алады
Елімізде негізгі су қоймаларындағы су көлемі азайып келеді
Дариға Назарбаеваның басы дауға қалды
Түркістан облысының әкімі тағайындалды
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Шымкентте алаяқтықпен айналысқан адам іздестіріліп жатыр
Мәжіліс депутаттары Петропавл қаласындағы бөгетті қалпына келтіру жұмыстарын көріп қайтты
Биыл теңге бағамы қандай болмақ?
Су тасқыны кезеңіне дайындық: елімізде негізгі су қоймаларындағы су көлемі азайып келеді
Елордада жас отбасы арзан бағада тур аламыз деп алаяққа алданды