Олжас Бектенов әкімдіктерге ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуды тапсырды

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауылдық аумақтарды дамыту мәселесі қаралды.Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров ауылдық жерлерді дамытудың ағымдағы жай-күйі туралы баяндады. Вице-премьердің айтуынша, бүгінде елімізде 6 256 ауылдық елді мекен бар, оларда 7,6 млн азамат немесе республикадағы халық санының 38,4%-ы тұрады. 2019-2023 жылдары "Ауыл – ел бесігі" жобасы аясында 1,8 мың ауылдық елді мекенде 524 млрд теңге сомасына 5,4 мың жоба іске асырылды. Сондай-ақ 85 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысаны салынды, 10,5 млрд теңгеге 1,8 мың медициналық техника сатып алынды, 120 өрт сөндіру бекеті құрылды. Интернетке Wi-Fi HotSpot технологиясы бойынша 176 ауыл қосылған. Мамандарды тарту үшін "Дипломмен ауылға" жобасы аясында бюджеттік несие мөлшері 1,5 мыңнан 2,5 мың АЕК-ке дейін ұлғайтылды. Өңірлердегі ауылдық жерлерді дамыту туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазин, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев баяндама жасады. Үкімет басшысы әр ауыл тұрғыны тұрмыстық ахуалдың жақсарғанын қалайтынын айтты. Премьер-Министр Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес, әкімдіктерге ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту бойынша міндеттер қойды. Объектілер мен қызметтердің нақты тізбесі осы Жүйеде қамтылған. Тізбеде жазылған игіліктердің барлығы әрбір елді мекенде болуға тиіс. "Ол үшін біз қала мен ауылдың тұрмыс деңгейіндегі алшақтықты біртіндеп қысқартып келеміз. Мұндағы негізгі фактор – қолжетімді қызметтер, яғни сапалы жол, медицина мен білім беру сияқты ауыл халқының жайлы тұрмысына қажетті игіліктердің болуы. Мектептер мен медициналық мекемелер – ауылдағы ең маңызды объектілер. Оларға айрықша назар қажет", — деді Олжас Бектенов. Оған қоса Премьер-Министр стандарттар жүйесін басқа бағдарламалық құжаттармен, соның ішінде ұлттық жобалармен өзара үйлестіруді тапсырды. Мектептердің апатты жағдайда болуынан, денсаулық сақтау мекемелерінің жарамсыздығынан кейбір ауылдар тұрғындары медициналық қызмет және білім алу үшін басқа елді мекендерге баруға мәжбүр болып отыр. "Ауылдарда ауыз су мен жолдардың сапасына, электр қуаты мен ұялы байланыстың жағдайына және Интернеттің қолжетімді болуына қатысты мыңдаған шағым келіп түседі. Мұның барлығы ауыл тұрғындарының жаппай көшіп кетуіне себепші болады. Сондықтан әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын, әсіресе шекара маңындағы аумақтардың инфрақұрылымын дамыту жұмыстарын күшейту керек", — деді Олжас Бектенов.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Путинцева WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты
Темір жол машина жасау саласындағы кәсіпорындар өндірістегі оқшаулау үлесін арттыру жоспарларын талқылады
Олимпиада чемпионы Елдос Сметов ҚР ІІМ Ұлттық ұлан сарбаздарымен кездесті
Олимпиада чемпионы Елдос Сметов ҚР ІІМ Ұлттық ұлан сарбаздарымен кездесті
Елімізде көлік-логистикалық кешен саласында 25 жаңа мамандық пайда болады
10 қаңтарда тұман түсіп, көктайғақ болады: бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Темір жол машина жасау саласындағы кәсіпорындар өндірістегі оқшаулау үлесін арттыру жоспарларын талқылады
Алматы зообағында ширек ғасыр өмір сүрген Хан есімді керік өлді
Шегірткеге қарсы егістіктерді өңдеуге арналған техниканың саны 2 есеге артты
Төтенше жағдай бойынша үздік аумақтық өртті бақылау бөлімшесі анықталды
Қазақстанда электр энергиясы қымбаттауы мүмкін
“Болашақ“ орталығы Калифорнияда оқып жүрген қазақстандықтарға үндеу жасады
Алматыда жол ережесін өрескел бұзушы қамауға алынды
Тапаншамен қауіп төндірген: Оралда полиция мас жүргізушіні ұстады
Шавкат Рахмоновтың бапкері келесі жекпе-жектің уақытын атады
Декларация тапсыру кезегі кімдерге келді?
Депутаттар әскерилерге заңнамалық жаңашылдықтар туралы айтты
еGov көрсететін қызмет саны артты
"Қазгидромет"ертең 15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады
Бельгия премьер-министріне уланған хат жіберілген
Астана маңындағы ауылда жаңа жайлы мектеп ашылды
«Жын шығарушы емшінің» ісіне қатысты Балаларды қорғау комитеті мәлімдеме жасады
Мәжіліс депутаттары Жетісудағы кірпіш-керамзит зауыты қызметкерлерімен кездесті
Қазақстан құрамасы фристайл-могулдан әлем чемпионатын үш медальмен аяқтады