Олжас Бектенов Атырау тұрғын алаптарын тасқыннан қорғау жұмыстарын тексерді

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді.ҚР Үкіметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Олжас Бектенов облыс орталығындағы тұрғын үй алаптары бекіністерін тексеру барысында Атырау қаласының су тасқынының болжамды екінші толқынына дайындық жұмыстарымен танысты.Батыс өңірде Ресей Федерациясының Ириклин су қоймасынан судың келуіне байланысты, сондай-ақ Жайық өзеніне құйылар сағадағы ірі тасқын мен су деңгейінің көтерілуі салдарынан жағдай күрделі күйінде қалып отыр. Бұрын хабарланғандай, Батыс Қазақстан облысындағы ірі су тасқынынан кейін ағын су өзен арнасымен Атырау облысына қарай жылжып, Каспий теңізіне құяды. Соңғы тәулікте БҚО тарапынан келетін судың әсерінен Атырау қаласында су деңгейінің 6 см-ге көтерілуі тіркелді (су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілуі 227 см-ді құрады).Тұрғын үй алаптарын нығайту, сондай-ақ Жайықтың өткізу қабілетін арттыру үшін өзен түбін тереңдету жұмыстарының қарқыны тексерілді. Тиісті күштердің көлемді судың келуіне дайындық деңгейін қарап көрді. Үкімет басшысы Олжас Бектенов Атырау облысына су тасқыны жағдайы тұрақтанған өңірлерден әскери қызметшілер мен техниканы жедел жеткізіп, күштерді арттыруды тапсырды.Бүгінгі таңда су тасқынының алдын алу шараларының 92%-ы орындалды. Жұмысты тиімді жүргізу үшін қала 111 секторға бөлінген. Ұзындығы 482 км қорғаныс бөгеттері салынды, аяқталған учаскелер техникалық қадағалау арқылы тексерілді. Жұмыстарға ТЖМ, ІІМ, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұланның 6 мыңға жуық әскери қызметшісі, әкімдік қызметкерлері, 2 мыңға жуық техника жұмылдырылған. Еріктілер тарапынан белсенді көмек көрсетілуде. Өткен сенбіде жағалауды нығайту сенбілігі аясында қаланы қорғау жұмыстарына 9 мыңға жуық ерікті қатысты. Сонымен қатар Жайық өзенінен Каспий теңізіне су өткізу қабілетін арттыру үшін өзен түбін тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Су жолдарын тазарту, тереңдету және кеңейту мақсатында арнайы техникалық флоттық кемелер, гидравликалық экскаваторлар қолданылуда.Сонымен қатар суару-суландыру жүйелерінде су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізілуде. Атырау облысында 15 каналдың 14-і Жайық өзені бойында орналасқан. Төрт жүйеде (Соколок, Нарын, Черная речка, Бақсай) тасқын судың өздігімен ағуына мүмкіндік бар. Осыған байланысты суды бұру үшін жер бедерін пайдалану мақсатында арналар тазартылып, каналдың жиегі бұзылады. Мысалы, NCOC компаниясы қолданыстағы құрылыстарды бөлшектей отырып, ұзындығы 24 км болатын «Соколок» қосымша айналма арнасын салу үшін жерді қазу жұмыстарын жүргізуде. Жалпы алғанда, аталған су бұру арналары тасқын суды 139,9 м3/сек ағызу мүмкіндігіне ие. Барлық негізгі су қабылдағыштарда сорғы стансаларының қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік атқаруда.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Сібірде 37 мың жыл бұрын мекендеген жолбарыстың сүйегі табылды
Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Қытайда өткен Гран-при кезеңінде күміс медаль жеңіп алды
Қазақ файтері ресейлік қарсыласын әзер жеңіп, титулын қорғады (ВИДЕО)
Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату шартын рәсімдеу қанша тұрады?
Тұман, жел, көктайғақ: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
«Астана» клубы алғаш рет лига кубогының чемпионы атанды
Дәрігер тоңазытқышта сақтауға болмайтын азық-түлік түрлерін атады
Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды
ДСМ алқасы: 2025 жыл – жалпы практика дәрігерлерінің біліктілігін арттыру жылы
24 қарашада елімізде ауа райы қандай болады
Енді баспана беру кезінде кезекке тұрған мерзім ескеріледі
“Кездесуге ешкім шақырмайды“. Назым Қызайбай жеке өмірі туралы
Ақтауда әлеуметтік осал топтағы 50 адам қайтарымсыз грант ұтып алды
Алматыдағы тұңғыш қазақ мектебіне 100 жыл толды
2027 жылдан бастап балабақшаларға лицензия берілуі мүмкін
«Әлеуметтік әмиян» сервисінің көмегімен 560 мыңнан астам дәрі-дәрмек тегін берілген
Солтүстікте таратылатын ауылдардың тұрғындары қайда көшіріледі?
Ақтөбеде әйелі мен балаларын ұрып-соққан азамат сотталды
Жібек Құламбаева – Португалиядағы жарыстың жеңімпазы
Ақмолада 394 адам алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберілген
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы әлемдік Гран-приден екінші орын алды
Қазақстан спортшысы мәнерлеп сырғанаудан Қытайда күміс медаль жеңіп алды
ТЖМ құтқарушылары 10 адамды эвакуациялады
Әнші Сәкен Майғазиевтің әпкесі өмірден өтті