Олжас Бектенов ЕАДБ басшысы Николай Подгузовпен инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп іске асыру мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовпен инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту перспективалары бойынша кездесу өткізді.Өткен жылы ЕАДБ Қазақстанның ұлттық экономикасының түрлі секторларындағы бірқатар инвестициялық жобаны қаржыландырды. Олардың қатарында полипропилен шығаратын зауыт, магистральдық тепловоздар сатып алу, Қостанай облысында жел электр станцияларын салу және т.б. бар. Жылдық инвестициялардағы Қазақстанның үлесі 2022 жылғы 48,5%-дан 2023 жылы 59%-ға дейін өсті. Биыл ЕАДБ-ның Қазақстан экономикасына салған жаңа инвестициялары кемінде $1 млрд-ты құрайды. Осы жылға арналған негізгі жобалар пулы көлік, өнеркәсіп, энергетика және қоршаған ортаны жақсарту, АӨК салаларын, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылымды жүргізу мен жаңғыртуды қамтиды. ҚР Премьер-Министрі Мемлекет басшысының жол желісін дамыту, тұрғын үй құрылысы, ТКШ-ны жаңғырту және газдандыру саласындағы ауқымды инфрақұрылымдық бастамаларын іске асыруға инвестициялар тартудың маңыздылығын атап өтті. «Банктің басым бағыты ірі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру болуға тиіс. Біз өзара тиімді негізде банкпен ынтымақтастықты кеңейтуге дайынбыз», — деді Олжас Бектенов. Өз кезегінде ЕАДБ басқарма төрағасы Николай Подгузов қаржы институтының тұрақтылығы туралы хабарлады. Атап айтқанда, қабылданған шаралардың нәтижесінде ЕАДБ $125 млн мөлшерінде қаржылық оң нәтижеге қол жеткізді. Банктің несиелік рейтингі Қазақстанның тәуелсіз рейтингі деңгейінде сақталды: «BBB-» (S&P), сондай-ақ қытай нарығында ССXI «ААА» ең жоғары рейтингі алынды. Сонымен қатар портфельдің сапасы жақсарып, кешіктірілген төлемдердің үлесі төмендеді. Кездесуге қатысушылар ЕАДБ жылдық инвестицияларындағы қазақстандық үлесінің артқанына тоқталып, Банктің инвестициялық белсенділігін одан әрі нығайту әлеуетін атап өтті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Емшіге, қасиетті жерлерге бардық»: жұлдызды жұп ұлының сырқаты жайлы айтты
Ла Лига Дани Ольмо мен Пау Виктор уақытша тіркеді
Усман Нурмагомедов ағасы Хабибтің командасына не үшін қосылмағанын түсіндірді
«Ауыл аманаты»: БҚО-да бағдарлама аясында қанша жұмыс орны ашылды
АҚШ-тағы алпауыт өрт 1100 ғимаратты қиратты (ВИДЕО)
Мақат тұрғындары пойыздан 20 тонна алюминий ұрлаған
Дзюдодан әлемдік рейтингте Елдос Сметов үздік бестіктің қатарында
«Емшіге, қасиетті жерлерге бардық»: жұлдызды жұп ұлының сырқаты жайлы айтты
Олимпиада чемпионы Елдос Сметов ҚР ІІМ Ұлттық ұлан сарбаздарымен кездесті
2024 жылдың ең ірі операциясы: полиция екі нарколабораторияны анықтады
Алтынай Жорабаева алғаш рет кенже қызын көрсетті
Елімізде көлік-логистикалық кешен саласында 25 жаңа мамандық пайда болады
10 қаңтарда тұман түсіп, көктайғақ болады: бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Темір жол машина жасау саласындағы кәсіпорындар өндірістегі оқшаулау үлесін арттыру жоспарларын талқылады
Алматы зообағында ширек ғасыр өмір сүрген Хан есімді керік өлді
Шегірткеге қарсы егістіктерді өңдеуге арналған техниканың саны 2 есеге артты
Төтенше жағдай бойынша үздік аумақтық өртті бақылау бөлімшесі анықталды
Қазақстанда электр энергиясы қымбаттауы мүмкін
“Болашақ“ орталығы Калифорнияда оқып жүрген қазақстандықтарға үндеу жасады
Алматыда жол ережесін өрескел бұзушы қамауға алынды
Тапаншамен қауіп төндірген: Оралда полиция мас жүргізушіні ұстады
Шавкат Рахмоновтың бапкері келесі жекпе-жектің уақытын атады
Декларация тапсыру кезегі кімдерге келді?
Депутаттар әскерилерге заңнамалық жаңашылдықтар туралы айтты