Олжас Бектенов: Ясауи кесенесінің тарихи келбетін сақтау маңызды

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Түркістан облысына жұмыс сапары аясында Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып, Мемлекет басшысының сәулет өнерінің жарқын үлгісі әрі ЮНЕСКО-ның әлемдік мәдениеттің бірегей мұрасын сақтау ісі жөніндегі тапсырмасының орындалу барысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – Түркістанның сәулет-тарихи кешенінің бірі, оған жыл сайын 1 млн-нан астам адам келіп, зиярат етеді.Кесененің тиісті жай-күйін сақтау жөніндегі жұмыстар табиғи жағдайлардың әсеріне байланысты және бірегей сәулет ескерткіші мен ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра нысанының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған. Күрделі жөндеу жұмыстары өткен жылдың тамыз айынан бастап жүргізілуде. Бүгінде кесенеде сыртқы орта мен климаттық факторлардың әсерін өлшейтін датчиктер орнатылған. Ғылыми-реставрациялық жөндеу жұмыстары жалғасуда.Үкімет басшысы мәдени ескерткішті сақтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңызды екенін атап өтті. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – тек қазақ халқының емес, бүкіл адамзаттың асыл мұрасы. Мемлекет басшысы кесененің тарихи келбетін сақтауға қатысты тапсырма берді. Бұл – біздің ортақ міндетіміз. Кесененің жай-күйін ерекше бақылауда ұстау қажет, — деді Олжас Бектенов. Премьер-Министр Үкімет тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстарға барлық қолдау шаралары көрсетілетінін атап өтті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Тұман түсіп, көктайғақ болады: 10 қаңтарға арналған ауа райы
Қазақстанда электр энергиясы қымбаттауы мүмкін
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
Отбасының цифрлық картасында еліміздің 20 млн азаматы туралы ақпарат жинақталған
Алматының индустриалды аймағында 2024 жылы 10 жаңа жоба жүзеге асты
Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін кеңейту жоспарлануда
Мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Қазақстанда алғаш рет түркітілдес елдер арасындағы TurkicSkills кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Қаржы министрлігі
Адамдардың ауыруына тыйым салынды
Биылдан бастап балабақша кезегіне тұру тәртібі өзгереді
1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алудағы негізгі өзгерістер қандай?
"Өнерден кету ойда бар": Актер Рүстем Жаныаманов өнерден кете ме?
Ол кездесуді сұрады: Трамп Путинпен келіссөздер өткізетінін мәлімдеді
Жетім баланы үй кезегіне қоймаған мемлекеттік орган жауапқа тартылды
Енді той мен садақада мобильді аударымдар арқылы жиналған қаражат та бақыланады
Елдос Сметов Лондонға кетті
Мемлекеттік сатып алу: 1 қаңтардан бастап қандай өзгерістер болады
Румынияда метапневмовирустың алғашқы дерегі тіркелді
Қызылордада мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Қостанайда оқушылар қашықтықтан оқуға көшті
Қызылордада мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Петропавлда құтқарушылар үш сағаттан аса уақыт бойы алапат өртті сөндірді
Биыл тоғыз автокөлік өткізу пункті жаңғыртылады