"Өлімді мемлекеттік тіркеу - 8800 теңге": Азаматтарға арналған үкімет халықтан түскен ақша қайда жұмсалатынын түсіндірді

ХАТ мамандары азаматтық хал актілерін (адамның тууын, өлімін, некелесуін, ажырасуын т.б) мемлекеттік тіркеуді ақылы ету мәселесіне қарсы шықты. Бұған қатысты "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясы пікір білдіріп, ол ақшаның қайда жұмсалатынын түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.АХАТ қызметкерлері KAZ.NUR.KZ редакциясына хат жолдап, 24 сәуірге дейін қоғамдық талқыға шығарылған азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласындағы жекелеген жұмыстардың ақылы болатыны туралы бұйрықтың жобасына назар аудартады."Баланың тууын мемлекеттік тіркеуде бір құжат өткізуге төленетін ақша - 8 433,89 теңге (ҚҚС-ны қоса алғанда) деп белгіленген. Осы тұрғыда, мысалы, егіз, үшем, төртем дүниеге келсе, төленетін сома сонша есе көбейеді, егіздерге туу туралы куәлік алу - 16867,78 теңгені құрайды. Қазіргі уақытта баланың тууын, шетінеген баланың тууы мен қайтыс болғанын, азаматтардың азаматтық хал актілерін тіркеу қызметінің ақысы алынбайды, яғни тегін. Жобадағы ең сорақысы - өлімді мемлекеттік тіркеу үшін 8 833,58 теңге төлем жасау керегі көрсетілген. Қайтыс болған адамның онсызда қайғыдан қан жұтып келген туыстарына төлем жасату ауыр деп есептейміз", - деп жазады олар.АХАТ қызметкерлері аталған құжат қабылданса, қайтыс болған баланы және өмірдің бірінші аптасында қайтыс болған баланы мемлекеттік тіркеу үшін де 8 252,42 т төлем жасалуы мүмкін екенін айтады."Бауыр еті баласынан, дүние есігін енді ғана ашып, бір ғана дем алған сәбиінен айырылып отырған ата-анаға - 16504,84 төлем жасату өте қиын болайын деп тұр. Қазіргі таңда халыққа қымбатшылық кесірінен ас-ауқатқа ақша табу оңай емес. Бұл онсыз да қиналып жүрген адамдардың қалтасына салмақ салады", - делінген хатта.Бұған қатысты осы бұйрықты қоғамдық талғыға шығарған Цифрлық даму министрлігіне қарасты "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы пікір білдірді. Мемлекеттік корпорация жоғарыда аталған бұйрық бекітілсе, АХАТ қызметтері бойынша мемлекеттік баж төлемге ауыстырылатынын хабарлады. Сонымен қатар корпорацияның баспасөз қызметі шотқа түскен ақша қайда, қалай жұмсалатынын түсіндірді."Бұл жағдайда мемлекеттік корпорацияның шотына келіп түскен төлемдер есебінен АХАТ бөлімдері қамтамасыз етіліп, қажетті жағдай жасалуына және мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жұмсалады", - делінген хабарламада.Корпорация заңнаманы бекіту мақсатында бірнеше кодекске түзету енгізілгенін атап өткен."Бүгінгі таңда АХАТ бөлімдері Салық кодексінің 612 және 618 баптарына сәйкес мемлекеттік баж мөлшерлемелерін басшылыққа ала отырып тіркеуде. АХАТ қызметтері үшін төлем бағасын есептеу жобасы құзырлы уәкілетті органға қарау және бекітуге жіберілді", - дейді корпорацияның баспасөз қызметі. Айта кетелік, азаматтық хал актілерін тіркеу қызметінің ақылы болатыны туралы бұйрық жобасын Цифрлық даму министрлігі ұсынғанын хабарлаған едік. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді (ВИДЕО)
Қазақ футболы үшін өткен жыл несімен есте қалды?
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады