«Өлімнен басқаның бәріне ем!»: аңыз ба, ақиқат па?

Биологиялық белсенді қоспаны ішсеңіз, ауруыңыздан айығып, белсенді боласыз! Мың дертке дауа сиқырлы дәрінің қазір жарнамасы жер жарып тұр. Дәрігердің нұсқауынсыз еркін сатылатын препараттар клиникалық зерттеуден өткен бе? Мамандар не дейді? Әріптесім Рабиға Бақытжанқызы анықтап көрді. Рабиға БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Қазір ұйқым қанбай, тез әлсіреп, шаршап қалам. Достарым, әріптестерім мынадай дәрумен ішуге кеңес берді. 50-ден астам ауруға ем! 100% табиғи өнімді қабылдау үшін анализ тапсырып, дәрігерге көрінудің қажеті жоқ дейді. Өздеріңіз байқағандай БАД-тың бағасы арзан емес. Және 1 құты емес, 6 құтыны бірден алуың керек. Бірақ кейбіреулер бұған қарап жатқан жоқ. 100% табиғи өнім өлімнен басқаның бәріне ем екеніне қатты сенеді. Сенбейтіндер де бар. Пікір әртүрлі. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Мен 3 флаконын алдым. Где то 45 мыңға алдым. Жалпы бізге 12 флакон алу керек. Нәтижесі ноль. Ең жақсысы дәріхананың дәрілері. Әрі арзан, бірақ эффекті бар. - Үйдегі отбасым, бала-шағам қолданады. Қайдағы жоқ врачтардың дәрілерінен қарағанда сол дұрыс негізі. Оны просто этапно ішу керек. - Осыдан 3-4 жыл бұрын ішкенмін. Одан кейін ішкен жоқпын. Ешқандай эффект байқамадым. - Мен ондайды алмаймын. Неге? Сенбеймін. - Мен тек докторға сенемін. Дәрігерлер биологиялық белсенді қоспаны ішпеген жөн дейді. Клиникалық зерттеуден өтпеген өнімнің тікелей де, жанама да әсері көп. Айнұр ҮРКІМБАЕВА, КАРДИОЛОГ: Ол тікелей бауырға токсикалық әсер етеді. Оны біз анализдерден көріп жатамыз. Бауыр негізі соңғы клеткасы қалғанға дейін, ешқандай сыр бермеуі мүмкін және оны науқас та білмей қалуы мүмкін. Соңғы стадиясына келген де ғана анықтауы мүмкін. Бұдан басқа да жүйелерге әсер етуі мүмкін. Зәр шығару жүйесіне. Жүрек қан тамырлары жүйесіне. Соңғы уақытта бұл препараттарды тек денсаулықты қалыпқа келтіру үшін емес, сұлулық үшін де қолданып жүр. Алайда, мамандар мың дертке ем болатын сиқырлы дәрінің болмайтынын айтады. Медицина - ғылым. Сондықтан өз бетінше ем қабылдамауға шақырады. Р. Бақытжанқызы

Читать источник astanatv.kz/kz/
Атырауда 62 ерлі-зайыпты ажырасуға арыз беріп, кейін татуласып кеткен
Түркістан облысында ауыл жұрты қасқырдан қорқып, көшеге шыға алмай отыр
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
“Жаныма қатты батты“. Баян Мақсатқызы Бишімбаев ісіне қатысты жаңа жобаның құпиясын ашты
Түркістан облысында ауыл жұрты қасқырдан қорқып, көшеге шыға алмай отыр
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ұлытау облысына іс-сапармен барды
Сізді күннен күнге бақытсыз ететін 3 әдет
Дәрігер ауыз қуысынан көрінетін қант диабетінің белгісі туралы айтты
23 желтоқсанда ауа райы қандай болады?
Қарағандыда қалың қардан жүк көлігі жолдың шетіне шығып кеткен
«Осылай бірге жүріңдерші»: жұрт Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімоваға бақыт тіледі
Атырауда 62 ерлі-зайыпты ажырасуға арыз беріп, кейін татуласып кеткен
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
«Мені өлді деп ойлаған»: Жұлдызай Дүйсенбиева басынан өткен жағдай туралы айтты
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
Тұман, бұрқасын, жел: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
Азамат Дәулетбеков өзбек балуанын жеңіп, халықаралық турнирдің чемпионы атанды
Атырауда шаруалар облыс әкімдігі ғимаратының алдында тентіреп жүр
"Жүрегім бос": Қуат Хамитов болашақ жарына қатысты талаптарын айтты
Заңға енгізілген түзетулер: Бұрынғы президенттер туралы ақпарат неге құпия саналатын болды?
Оралда жолаушылар автобусы өртенді