"Өмірбек Байгелдіұлы - егемендіктің берік іргетасын қаласқан тұғырлы тұлға", - М. Әшімбаев

Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында еліміздің тұңғыш Сенат спикері Өмірбек Байгелдіұлын ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Қаралы жиында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту жеделхатын оқып берді. Өз сөзінде Мәулен Әшімбаев Өмірбек Байгелдінің жан-жақты және азаматтық ұстанымы берік тұлға болғанын атап өтті. Ол ұлттық парламентаризмнің қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосты. Өмірбек Байгелді Парламент Сенатында қызмет атқарған кезеңде қабылданған заңдар Қазақстанның мемлекеттілігі мен Тәуелсіздігін нығайтуға тікелей әсер еткені анық. Палата Спикері осы істің бәрінде қайраткер тұлға нағыз отаншылдықтың, ұлтқа қызмет етудің озық үлгісін көрсетті деді. Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Парламент сенатының тұңғыш төрағасы, "Отан" орденінің иегері, академик Өмірбек Байгелдіұлын дүниеден өтуіне байланысты қайғыра көңіл айтамын. Өмірбек Байгелдіұлы егемендіктің берік іргетасын қаласқан тұғырлы тұлға. Отанымыздың дамуына қажырлы еңбек сіңірген ұлтжанды азамат болды. ҚР Парламентінің құрылуына зор үлес қосты. Соңынан жарқын із қалдырған Өмірбек Байгелдіұлының есімі мен бейнесі халқымыздың жадында мәңгі сақталады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Дархан Сатыбалды президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды
Әзербайжандар құтқарушыларды «Ынтымақтастық үшін» төс белгісімен марапаттады
700 млн теңге қолды болған: Шымкентте аудан әкімдігінің лауазымды тұлғасы сотталды
Сатыбалдыға қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Қасым-Жомарт Тоқаев: Метапневмовирусқа байланысты даурығудың қажеті жоқ
Шамадан тыс тамақтану жүректің жұмысын қиындатады
Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Студенттер үйіне барды
Мемлекет басшысы QazSwimAcademy спорт орталығының жұмысымен танысты
Алматыда жаңа жылдық мереке күндері  қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етті?
Мемлекет әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындауда
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Қазақстандық паспорт саны рекордқа жетті
55 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылды
Дариға Назарбаеваның басы дауға қалды
Түркістан облысының әкімі тағайындалды
Биыл теңге бағамы қандай болмақ?
Алматыда 2025 жылы жылу және электрмен жабдықтау желілерін ауқымды жаңғырту жоспарланып отыр
Қазақстанда тағам жеткізушілерге талап күшейеді
Бюджет қаржысын жымқырғандар сегіз жылға сотталды
Ұлттық ұланда жаңа оқу жылы басталды
Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды
Мәжіліс депутаты жаңа дәрігерлік амбулаторияның жұмысына баға берді
Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тағы сот үкімі шықты
Президент электровоз құрастыру зауытының жұмысымен танысты