Танымал әнші Кәмшат Жолдыбаева психология саласына бет бұрғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. "Психология саласы - өмірімдегі келесі қадам. Жаңа саяхат, жаңа білім, жаңа зерттеу. Ең бастысы - өзімді тану, сол арқылыЖаратушыны тану. Әрине, менен ниет, талпыныс. Жеткізетін тек Ол", - дейді өнер иесі.