Өмірінің 40 жылы әуеде өткен Гүлсім Әбікенова Гиннес рекордтар кітабына кіруі мүмкін

Қазақ әйелдері арасында ұшақ бортында ұзақ уақыт қызмет атқарғандар некен-саяқ. Солардың бірі - Гүлсім Әбікенова. Өмірінің 40 жылы әуеде өткен. 15 мың рет көкке көтерілген. Қызметіне адал, жұмысына жауапты маман әлі авиация саласында еңбек етіп келеді. Еңбек адамы жайлы Заңғар Санай баяндайды. Тәуекелге бел буып, адами борышын адал атқарған Гүлсім Асқарқызы- табандылығымен талайды тамсандырған жан. Кезінде 46 үміткердің ішінен сыннан сүрінбей өткен 12 адамның біреуі болыпты. Ол 1976 жылы арнайы оқу курсын тәмамдап, Қостанай әуе кәсіпорнында алғаш ұшақ бортсерігі қызметін бастаған. Гүлсім ӘБІКЕНОВА, «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ: Авиация саласындағы еңбек өтілім 46 жыл.Еңбек жолымды осы Қостанай әуе кәсіпорынында 19 жасымда бастадым. Неше сағат екенін есептеген емеспін.Бірақ 15 мың рет әуеге көтеріліппін. Бір қызығы біздің кейіпкер өзінің өмірлік қосағы Қайыржанмен де әуежайда танысқан. Ал Санкт-Петербор қаласындағы Азаматтық авиация академиясында арнайы курсты тәмамдаған соң, шет мемлекеттерге тұрақты ұша бастағанын айтады. Әуе қызметінде жұмыс істейтіндердің отбасына арнайы ұшақ билеттері беріледі екен. Соның арқасында көптеген жерді араладық дейді. Тәжірибесі мол, білікті маманды әріптестері қадір тұтады. Маржан АМАНБОЛҒАНҚЫЗЫ, ӘРІПТЕСІ: Гүлсім Асқарқызы біздің әуежайдың бойтұмары.Өте ақылды.Жауапты.Көптеген жылдар еңбек етті.Әлі де жұмыс істеп жүр. Гүлсім Әбікенова марапатқа кенде емес. Енді оның есімін Гиннес рекордтар кітабына енгізуді ұсынып жатқан көрінеді. Ұшақтағы қызметке екінің бірі төзе алмайды. Оған ең алдымен денсаулық, моральдық-психологиялық көңіл-күй керек. Рейсті атқарып, үйде келген кезде әуеде ұшып жүрген кезің есіңе түскенде – үрейленесің. Ал ұшаққа мінген сәттен қорқыныш ұмытылып, бойыңды бір жігер билейді. Себебі, өзің үшін емес, өзгенің қауіпсіздігі үшін жауап беретін адамсың. Осы жайында былтырдан бері кейінгі жас буынға үйретіп, дәріс оқып келем дейді Гүлсім Асқарқызы.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Мас күйде көлік жүргізгені үшін жазаны жеңілдету: бұған ІІМ не дейді?
Алматының Түрксіб ауданында биыл 4 жайлы мектептің құрылысы аяқталады
Жамбыл облысында 57 шенеунік нашар жолдар үшін жауапқа тартылды
Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады
Алматының арулары дәстүрлі ерлер кәсіптерінде табысқа жетуге қалай жол ашады?
Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда жаңа Су кодексінің жобасын қабылдады
Гүл саудасы қызып тұр
Бүгін «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасына өтініш қабылдау басталады
AUYL SPORT: Ауыл спортының дамуына арналған маңызды әріптестік
Қазақстанда 30 мың ШОБ жобасына 1,7 трлн теңгеге қолдау көрсетіледі
Елордалық спортшылар Парижде өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды
Қазыбек Нөгербек Францияда өткен турнирде қола жүлде иеленді
Жалғызтал ауылы тұрғындары спиртті ішімдіктерден бас тартты
Берлин Ратушасына ту тіккен Кенжебай Мәденов туралы не білеміз?
Алматыда фристайлдан FIS Әлем Кубогының кезеңі қорытындыланды
Алматыда заңсыз көше саудасына қарсы жаппай тазарту жүргізілуде
Алматыда 2 мыңнан астам мопед тіркелді
2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 95 % - ға артады
Алматылық дәрігер ұшақта есінен танып қалған студенттің өмірін сақтап қалды
Ойылда балаларды қорғау және қолдау мәселелері көтерілді
Алматыда «Ұлы дала ойыны» фотокөрмесі ашылды
Мұғалімдерге қанша теңгеге сыйлық беруге болады
«Болашақ сәулетшілері» қорының негізін қалаушы Марат Әбиевке үкім шығарылды
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Президентке есеп берді